Жеке кәсіпкер жүргізушілер мен паркпен серіктес жеке кәсіпкер жүргізушілерге арналған жабатын құжаттар
Соңғы жаңартпа 15 Aug 2025
Ай сайын жеке кәсіпкер жүргізушілер такси қызметінен түскен табысын растап отыру керек.
Егер оны жасамаса, Яндекс Про-дағы бонустар мен корпоративтік тапсырыстардың төлемі құжаттарға дұрыс қол қойылғанға дейін тоқтатылады.
2025 жылдан бастап не өзгереді
2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, электрондық құжат айналымында өзгерістер орын алды: қызметті әрі қарай пайдалану үшін жеке кәсіпкер жүргізушілер жабатын құжаттарға қол қоятын сервисті таңдау керек, сондай-ақ, осы қызметтер үшін провайдерлерге тікелей төлеу керек.
Не болмаса, жабатын құжаттарды қағаз түрінде өздері даярлау керек.
Қандай құжаттар қажет
Табысты растау үшін екі жабатын құжат қажет:
ОЖА — орындалған жұмыстар актісі
ЭШФ — электрондық шот-фактура.
Құжаттарды қашан тапсыру керек
Әр айдың 15-не дейін.
Табысты қалай растау керек
Құжаттарға қол қою үшін ыңғайлы тәсілді таңдаңыз:
Егер қағаз түріндегі құжаттарға қол қойғыңыз келсе
Құжаттарды провайдердің көмегінсіз өз бетіңізше ресімдесеңіз болады.
Ол үшін құжаттарға Яндекс Про-дағы деректеріңізді, соның ішінде орындалған корпоративтік сапарлар мен бонустары туралы ақпаратты енгізіңіз.
ОЖА-ды (орындалған жұмыс актілері) толтырып, басып шығарыңыз, қол қойып, мөр басыңыз да (егер пайдаланылатын болса), айдың 15-не дейін мына мекенжайға жіберіңіз: 050059, Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 11/1.
Оған қоса, электрондық шот-фактураларды ресімдеу қажет. Оларды https://esf.gov.kz сайты арқылы шығаруға болады.
Маңызды! Егер құжаттарда қателер бар болса немесе олар кешіктіріліп өткізілсе, бонустар мен корпоративтік сапарлар үшін ақша төлемі уақытша тоқтатылады.
Егер құжаттарға ЭҚА (электрондық құжат айналымы) арқылы қол қойғыңыз келсе
Қазір 6 ЭҚА провайдері қолжетімді:
Яндекс Про мобильді қосымшасы арқылы оның кез келгенін таңдауға болады. Қажет болса, сол жерде провайдерді де ауыстыруға болады.
1. Яндекс Про-да мына бөлімге өтіңіз: Парақша → Заңды құжаттама → Электрондық құжат айналымы → ЭҚА туралы ақпараты бар экрандағы «Түсінікті» батырмасы.
2. Қазір «Провайдер» бөлімінде сізде «Бумажный ДО» деп тұр, ал төменде қызметтерін пайдалануға болатын ЭҚА сервистерінің тізімі берілген.
3. Провайдердің атауына басыңыз — «Тарифтер мен шарттар» батырмасы арқылы сайтқа өтіп, ақпаратты оқып шығуға болады.
4. Егер соған ауысқыңыз келсе, «Провайдеді ауыстыру» батырмасына басып, деректерді тасымалдауға келісіміңізді растаңыз.
5. Келісімшарт жасап, таңдалған провайдердің қызметтерін төлеу үшін «Провайдер сайтына өту» батырмасына басып, сервис платформасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Провайдерді ауыстыру үшін: «Электрондық құжат айналымы» бөлімінде ағымдағы сервис атауына басыңыз, сонда қалғандарының тізімін көресіз — ішінен біреуін таңдаңыз.
Маңызды:
Провайдерді айдың соңғы күні 23:30–дан кейін ауыстыру мүмкін емес — яғни, соңғы 30 минутта.
Егер сіз өткен айдың кез келген күнінде провайдерді ауыстырған болсаңыз, 1-5 аралығында жаңа провайдер таңдауға болмайды.
Егер сіздің бірнеше аккаунтыңыз болса және біреуінде провайдерді ауыстырсаңыз, ол автоматты түрде бәріне қолданылады.