Курьерлерді сақтандыру
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Жеткізуде курьерлердің денсаулығы мен өмірін сақтандыру қыметі бар.
Бұл тапсырыс кезінде бірдеңе болып қалса, мысалы, курьер жол апатына түссе, құласа, бір жерін соғып алса немесе ауыр жарақат алса, ол сақтандыру төлемін ала алады.
Өтемақыны бәрі ала алады — Қазақстан азаматы болу міндетті емес.
Сақтандыру кімге қолданылады
Бізде екі сақтандыру бар:
көліктегі курьерлерге арналған;
жаяу курьерлерге, велосипедтегі курьерлерге және жеке мобильділік құралдарындағы (роликті коньки, самокаттар, скейтбордтар, электросамокаттар, электроскейтбордтар, гироскутерлер, сигвейлер, монодөңгелектер және т. б.) курьерлерге арналған.
Сақтандыру қашан қолданылады
Сақтандыру автоматты түрде іске қосылып, тапсырысты қолданбада қабылданған сәттен бастап тапсырысты алушыға тікелей табыстағанға дейін қолданылады. Курьер слотта болса, сақтандыру слоттың бүкіл уақыты ішінде қолданылады.
Сақтандыру нені өтейді
Жаяу курьерлерге, велосипедтегі курьерлерге және жеке мобильділік құралдарындағы курьерлерге қатысты: Денсаулық пен өмір. Сақтандыру тапсырыстарды орындау кезінде бір жерді соғып алуды, орын алған ауыр жарақаттар мен жазатайым оқиғаларды да қамтиды.
Көліктегі курьерлерге қатысты: Денсаулық пен өмір. Сақтандыру тапсырыстарды орындау кезінде жол апаты нәтижесінде орын алған жарақаттар мен жазатайым оқиғаларды қамтиды. Сонымен қатар, бұл сақтандыру көлікте курьермен болған пайдаланушыларға да қолданылады.
Екі сақтандыру да курьердің заңсыз әрекеттерінен туындаған оқиғаларды, соның ішінде курьердің мас күйінде болуы немесе өзіне қасақана зиян келтіруі салдарынан орын алған оқиғаларды ҚАМТАМАЙДЫ.
Сақтандыру және сақтандыруға жатпайтын жағдайлардың толық тізімін бөлек парақшадан қарауға болады.
Бұның құны қандай
Сақтандыруға ештеңе төлемейсіз
Төлемді қалай алуға болады
Сізге дәрігердің шұғыл көмегі керек болса, 103 нөміріне хабарласыңыз.
Травмотологиялық бекеттен немесе емханадан жарақат туралы анықтаманы бірден алыңыз. Сынық болса, рентген жасау да қажет болады.
Қолдау қызметімізге жазыңыз — байланыс деректеріңізді сақтандыру компаниясына жібереміз.
Сақтандыру компаниясы сізге хабарласып, өтемақы алу үшін толық құжаттар тізімін береді.
Жол апаты және жол полициясын немесе басқа қызметті шақыру керек болған басқа жағдайлар туралы айтылғанда, құжаттарды алу үшін міндетті түрде солай жасаңыз — олар өтемақы үшін қажет болады. Мысалы, жол апаты туралы анықтама немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша немесе қаулы.
Төлем қашан болады
Әдетте, сақтандыру компаниясы барлық құжаттарды алғаннан кейін 2 апта ішінде шешім қабылдайды. Бәрі дұрыс болса, сізге ақша жібереді.
Төлемді алу үшін қандай құжаттар керек
Сақтандыру компаниясы сізге толық құжаттар тізімін береді. Әдетте, бұл:
жеке куәлік көшірмесі;
сақтандыру өтемақысын төлеу туралы өтініш;
сырқатнамадан немесе медициналық картадан алынған үзінді көшірме;
сақтандыру жағдайының орын алуын растайын құжаттар.
Назар аударыңыз: барлық құжаттар орыс тілінде немесе шетел тілінен орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен болуы тиіс.
Сақтандыру компаниясына берілетін қосымша құжаттар
Кейбір жағдайларда сақтандыру компаниясы сізден төмендегілерді сұрауы мүмкін:
Оқиғаның мән-жайын нақтылайтын қосымша құжаттарды ұсыну.
Құжаттарды түпнұсқасын беру.
Жарақаттың қаншалық күрделі екенін және оның қалай алынғанын білу үшін медициналық куәландырудан өту.
Бұл жаднама жария оферта болып табылмайды. Сақтандыру компаниясының ережелерінде толық шарттарымен танысып шығуға болады. Сақтандыру бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз қалса, қолдау қызметіне жүгініңіз.