Телефондарға қойылатын техникалық талаптар
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Тапсырыстарды жеткізу үшін Яндекс Pro қолданбасын жүктеп алыңыз.
Android жүйесіне берілетін ұсыныстар
Жады кемінде 4 Гб — қолданбаның жұмыс істеу жылдамдығы бұған байланысты болады.
Android нұсқасы 7.0 төмен емес — ең соңғы нұсқасы жақсырақ жұмыс істейді.
GPS және ГЛОНАСС — қолданба орналасқан жеріңізді дәл анықтау үшін баптауларда максималды дәлдік режимін қосып қойыңыз.
iOS жүйесіне берілетін ұсыныстар
Құрылғылар: iPhone 5s, SE, 6 және жаңасы, iPad Air, iPad 2017, iPad mini 2, iPad Pro және жаңасы
iOS нұсқасы 12.1 төмен емес
Жалпы кеңестер
Телефоннан басқа, өзіңізбен бірге WiFi-роутерін алып жүруге және оған қосылуға болады — бұл орналасқан жеріңізді дәлірек анықтауға көмектеседі.
AMOLED дисплейі бар смартфонды сатып алмаған жөн — ол күйіп кетуі мүмкін. Дисплей типін дүкеннен немесе құрылғы нұсқаулығынан нақтылай аласыз.
Функцияларға қол жеткізу
Қолданбаны орнатқан кезде, ол кейбір функцияларға қол жеткізуге рұқсат алуды сұрайды — рұқсат беріңіз. Бұл не үшін керек.
Телефонға қол жеткізу. Қоңырауларды қабыл алу және нөмірді термей, бір жанасқаннан қоңырау шалу үшін керек.
Геодеректерге қол жеткізу. Қолданба орналасқан жеріңізді анықтау және маршруттарды дұрыс салуы үшін керек.
Камераға қол жеткізу. Фотобақылаудан өту үшін керек. Мысалы, Яндекс Pro сізден суретке түсіп, сіз екеніңізге көз жеткізуіміз үшін оны бізге жіберуіңізді сұрайды. Қолданба жасалған фотосуреттер сақтамайды.
Микрофонға қол жеткізу. Жіберушімен және алушымен қолданба арқылы сөйлесуіміз үшін керек. Сондай-ақ мекенжайды айтып жазуға немесе қолданбадағы дауыстық көмекшіге сұрақтар қоюға болады.
Энергия үнемдеу функциясына қол жеткізу. Батарея қуаты аз болған кезде Яндекс Pro жұмысы үшін өте маңызды функциялар өшірілмеуі үшін Android жүйесінде керек.
«Басқа қолданбалардың үстінен» функциясына қол жеткізу. Яндекс Pro-ға әрқашан қол жеткізуіңіз үшін Android жүйесінде керек.