Жүк көліктерін брендтеу
Соңғы жаңартпа 21 May 2025
Серіктестеріміздің көмегімен көлікке Яндекс Доставка жарнамалық материалдарын жабыстыра аласыз.
Алматыда ақысының бір бөлігін төлеп, көлікке бренд жапсырмасын жабыстыруға болады: 80%-ын — Яндекс Доставка, 20%-ын сіз төлейсіз. Құны шанақ типіне байланысты, бұл туралы төменде.
Жеңіл көліктерін брендтеу туралы білу.
Брендтеу қандай артықшылық береді
Көлікті брендтеу үшін +15 артықшылық баллы қосылады.
Артықшылық неғұрлым көп болса, тапсырысты алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Сондай-ақ, жапсырма арқылы жіберушілер мен алушылар сізді оңай таба алады — тапсырыстарды тезірек алып, тезірек табыстай аласыз.
Қандай көліктерді брендтеуге болады
Тентпен жабылған көліктерден басқа, жүк көліктердің кез келген модельдері жарайды
Қатты зақымданбаған
Көлікте сызаттар немесе кішігірім майысқан жерлері болса, ештеңе етпейді. Бірақ серіктес сервистерінде кеңес алған жөн: сол жерде нені жабыстыру, нені жабыстырмау керектігін жақсы біледі. Серіктестер тізімі — «Көлікке қайда және қалай жабыстыру керек» бөлімінде.
Бөтен жапсырмаларсызСеріктестер басқа Яндекс сервистерінің жапсырмаларынан өзге барлық жапсырманы алады. Тек жол қозғалысына қажеттерін («Бүртабан», «Көлікте бала бар», «Оқушы» және басқа) қалдырады. Жапсырмаларды алу — Яндекс Доставка есебінен.
Бренд жапсырмасын жабыстыру қанша тұрады
Алматыда жапсырма жабыстыру құнының 80%-ын Яндекс Доставка төлейді, қалған 20%-ын сіз төлейсіз.
Құны шанақ типіне байланысты. 2025 жылдың мамыр айындағы құны мынадай:
Шанақ типі | Толық құны, ₸ | Жүргізуші төлейтіні, ₸ |
---|---|---|
Лабо | 40 471 | 8 094 |
Каблук | 56 952 | 11 390 |
Дамас | 72 884 | 14 577 |
Тұтас металл фургон | 93 161 | 18 632 |
Жүк көлігі | 95 440 | 19 088 |
Көлікке қайда және қалай жабыстыру керек
Серіктестік сервистерді брендтеу стандарттарын жақсы біледі және бірнеше сағат ішінде бәрін жақсылап жасап береді. Бұл тегін.
Өз қалаңызда сервисті тауып, оған қоңырау шалып, ыңғайлы уақытқа жазылыңыз. Жабыстыру алдында көлікті жуу маңызды. Ескі жапсырмаларды алып тастауға және жаңасын жабыстыруға 1–2 сағаттай кетеді.
Тіркелу үшін форманы толтырыңыз.
Брендтеуді қалай растауға болады
Жапсыру дайын болғанда, бұл туралы өз паркіңізге хабарласыңыз. Сервиспен парк арқылы емес, тікелей әрекеттесеңіз Яндекс Pro-да брендтеу туралы белгіні қойыңыз: профильге кіріңіз → өз атыңызды басыңыз → «Сіздің көлігіңіз» → «Жапсыру» ауыстырып-қосқышына дейін төмен жүргізіп, оны жылжытыңыз.
Яндекс Pro-да профильге, «Фотобақылау» бөліміне өтіп, «Көлік фотобақылуы» бөлімін таңдаңыз. Көлікті суретке түсіріп, фотосуретті тексеруге жіберіңіз. Жапсырмалардың орналасуы мен масштабын, олардың түстері мен дұрыстығын тексереміз.
Жапсырма дұрыс болса, брендтеу артықшылықтары қолданыла бастайды. Ескертулер болса, оларды бірнеше тәсілмен қарап шығуға болады:
профильдегі «Фотобақылау» бөлімі арқылы — «Көлік фотобақылауы»;
«Брендтеу» артықшылығын таңдап, Яндекс Pro негізгі экранындағы радар арқылы.
Екі жағдайда да өтпей қалған фотобақылау себебін экраннан көре аласыз. Одан қайта өте аласыз.