Жолаушы сапар үшін қалай төлейді
Соңғы жаңартпа
1 Dec 2023
Қолма-қол ақшамен, картамен, промокодпен немесе корпоративтік шоттан — пайдаланушылар сапар үшін қалай төлейтіндігін және әр жағдайда сізге нені ескеру керектігі туралы айтамыз.
Қолма-қол ақша
Бұл тәсілдің артықшылығы айқын: сіз ақшаны сапардан кейін бірден аласыз.
Кемшілігі — үнемі айырым ақшаның қажет болатындығы. Яғни, желіге шығар алдында сізге ақшаны алдын ала айырып алу керек.
Егер қолма-қол ақшаңыз жетпей қалады деп ойласаңыз, машинаны жөнелтер алдында жолаушыдан қандай купюрадан айырым ақша қажеттігін сұрап алыңыз — ол үшін чат арқылы жазуға немесе қоңырау шалуға болады.
Банк картасы
Картамен төлеу үшін жолаушы оның нөмірін өзінің Яндекс.Такси қолданбасына тіркейді.
Сапар соңында сіз «Сапарды аяқтау» батырмасын басасыз — сонда сізге тапсырыстың нақты сомасы және төлем қолма-қол ақшасыз жасалатындығы туралы ескерту көрсетіледі, яғни, жолаушыдан ақша алу керек емес.
Қолма-қол ақшасыз тапсырыстар үшін ақша сіздің Яндекс Про-дағы теңгеріміңізге бірден емес, үш-бес күн ішінде түседі — шығындарыңызды жоспарлау кезінде осыны ескеріңіз. Себебі біз ақшаны парктерге, ал олар сізге аударады.
Яндекс Про теңгеріміндегі ақшаны парктің комиссиясын төлеуге, автокөлікті жалға алуға немесе жанармай құюға төлеуге (кейбір жанармай құю бекеттерінде) қолдануға болады. Теңгерімді «Табыс» бөлімінде қадағалап отыруға болады: әрбір тапсырыс бойынша толық ақпарат көрсетіледі.
Жолаушы сапар кезінде төлем тәсілін өзгерте алады. Егер ол қолма-қол ақшасыз төлемді таңдаса, біздің жүйе оның карточкасында тапсырыс үшін төлеуге ақшаның жеткілікті екенін тексеріп алады. Егер ақша болмаса, төлем тәсілі қолма-қол ақшаға ауысады. Төлем тәсілі қалай өзгертілсе де, сіз Яндекс Про арқылы хабарлама аласыз.
Корпоративтік шоттан
Сіз тапсырысқа келіп, «Келдім» батырмасын бастыңыз. Экранда мынадай жазба болады: «Корпоративтік тапсырыс». Бұл сапар үшін жолаушы жұмыс істейтін компания төлейтіндігін және тапсырыс төлемі қолма-қол ақшасыз болатындығын білдіреді. Мұндай тапсырыс әдеттегі тапсырысқа қарағанда тиімді, себебі:
Төлем кепілдігі бар Бұл сапар үшін жолаушы емес, компания төлейді — корпоративтік шотта әрдайым ақша жеткілікті.
Күту = ақша Мұндай тапсырыстардағы жолаушылар кейде кешігуі мүмкін, бірақ алаңдамаңыз — сіздің күткен уақытыңыз төленеді.
Корпоративтік тапсырыстарды орындау кезіндегі бірнеше ерекшелікке назар аударыңыз:
Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу Компания сапар үшін тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлей алады және жолаушы төлем тәсілін өзгерте алмайды.
Кейде жолаушы тапсырыс деректерін өзгерте алмайды Жолаушыға таксиді ол істейтін компаниядағы хатшы шақыртуы мүмкін. Сонда пайдаланушы оған қандай машина келетіндігін біледі, бірақ, тапсырыс деректерін өзгерте алмайды немесе одан бас тарта алмайды. Сондықтан, біз жолаушыны нақты көрсетілген нүктеде күтуді сұраймыз. Және сервис стандарттарын нақты ұстаныңыз.
Корпоративтік тариф әдеттегі тарифтен төмен емес Корпоративтік тапсырыстар үшін сіз әдеттегі тарифтерге қарағанда аз алмайсыз — жүргізушілер үшін тарифтердің айырмашылығы жоқ. Тіпті сапар клиент үшін аздап арзандау болса да, алаңдамаңыз — сіз үшін тапсырыс құны әдеттегідей болады.
Промокод немесе жеңілдік беретін купон
Сервисте тапсырыстар санын арттыру үшін Яндекс.Такси науқандар өткізеді — ықтимал жолаушыларға тапсырысқа жеңілдіктер ұсынады. Егер сапар сәтті өтсе, «жаңа келгендер» әдетте таксиді тағы да шақыртады, бірақ бұл жолы сапар құнын толық төлейді.
Промокод бар тапсырыстарда сіз әдетте ештеңе жоғалтпайсыз — пайдаланушы азырақ төлейді, бірақ жеңілдік сіздің Яндекс Про-дағы теңгеріміңізге өтеледі. Сомасын сіз межелі мекенжайға келіп, «Сапарды аяқтау» батырмасын басқан кезде көресіз. Промокод бар тапсырысты қолма-қол ақшамен де, картамен де төлеуге болады — бәрі науқан шарттарына байланысты.