Паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізуші болу үшін не істеу керек
Соңғы жаңартпа 30 Dec 2025
Паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы — сервиспен таксопарк арқылы қызметтес болудың жаңа икемді сценарийі. Онымен жүргізуші парктің қолдауын сақтап, қосымша артықшылықтар ала алады.
Сіз алғашқы сапарды орындап, сервис E-Salyq Business қосымшасына чек жібергеннен кейін барлық мемлекеттік жүйелерде автоматты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режиміне ауысасыз. Қосымша ештеңе істеу керек емес.
1 қадам. Паркпен агенттік келісімшарт жасаңыз.
Бұл құжат бойынша сіз паркке тапсырма бересіз:
«Яндекс Таксимен» сервис тапсырыстарына қолжетімділік, сервисті дамыту және корпоративтік клиенттерді тасымалдау туралы келісімшарттарды жасау
қолма-қол ақшасыз төленетін тапсырыстар үшін төлемдерді қабылдау.
2 қадам. Яндекс Про-да сіз үшін паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушының аккаунты ашылады.
Оған кіріп, агенттік келісімшарт жасалған паркті таңдаңыз және парктің өкілеттігін растаңыз. Осыдан кейін «Диагностика» бөлімінде тексерістерден — төлқұжат пен жүргізуші куәлігін фотобақылаудан өткізіңіз.
Жаңа профильмен тапсырыстарды қалай орындау керек
Тапсырыстарды ала бастау үшін жаңа профильге кіріп, қызметтес болу шарттарын қабылдап, «Диагностика» бөлімінде бүкіл тексерістерден — төлқұжат пен жүргізуші куәлігін фотобақылаудан өткізу қажет. Егер жүргізуші тапсырыстарды таксопарктің автокөлігімен орындап жүрсе, машинаны қайтадан фотобақылаудан өткізу керек емес.
Бұрынғы аккаунттағы рейтинг, белсенділік және артықшылықтар бағдарламасындағы деңгей автоматты түрде жаңасына өтеді.
Паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы орындаған әрбір тапсырыс үшін чек e-Salyq Business қосымшасында автоматты түрде қалыптасатын болады.
