«Курьер» және «Жеткізу» тарифіндегі тапсырыстарды қалай орындау керек
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
«Курьер» және «Жеткізу» тарифінде сәлемдемелерді жеткізу керек — әдетте, бұл интернет дүкендердегі тапсырыстар немесе Яндекс Go пайдаланушыларының сәлемдемелері. Сондай-ақ мейрамхалар мен азық-түлік дүкендерінен тамақ жеткізуге болады — ол үшін термоқорап қажет болады.
Сізге тапсырыстардың қалай құрылымдалғанын, нені жеткізуге болмайтынын және қиын жағдайларда не істеу керектігін толығырақ айтып береміз.
Тапсырыстарды қалай орындау керек
Барлық тапсырыстар Яндекс Pro қолданбасына келеді. Сіз желіге шыққанда, ол сізге жақын тапсырысты іздеп, оны сізге ұсынады.
Оны орындау үшін А нүктесіне, яғни жіберушіге жетіп, сәлемдемені алып, В нүктесіне, яғни алушыға жетіп, сәлемдемені оған табыстау керек.
Сондай-ақ Яндекс Pro-да бірнеше жіберушісі мен алушысы бар тапсырыстар да болады — олар туралы бөлек мақаладан оқуға болады.
Тапсырысқа қойылатын талаптар. Тапсырыс картасындағы сипатын мұқият оқыңыз. Онда «Есіктен есікке дейін» талабы болуы мүмкін. Бұл сәлемдемені жіберушінің пәтерінің немесе кеңсесінің есігінен алып, алушының пәтерінің немесе кеңсесінің есігіне дейін жеткізу керек дегенді білдіреді.
«Курьер» тарифінде «Есіктен есікке дейін» талабы барлық тапсырыстарда бар. «Жеткізу» тарифінде — пайдаланушы бұл қызметті тапсырысқа қосқанда ғана болады.
Тапсырысқа берілетін түсіндірмелер. Онда нақты мекенжайы мен пайдаланушылардың тілектері көрсетілуі мүмкін.
Тапсырыс статустары. Пайдаланушылар орналасқан жеріңізді білуі үшін келесідей статустары бар батырманы уақытында басу керек: «Келдім», «Сәлемдемені алу»/«Сәлемдеме алынды», «Сәлемдеме табысталды». Алушыға тапсырыс бермейінше, «Сәлемдеме табысталды» статусын баспаңыз — әйтпесе оның байланыс деректерін жоғалтып, оған енді хабарласа алмайсыз.
Келесі жағдайларда не істеу керек
Жіберуші байланысқа шықпай жатыр
10 минут күте тұрыңыз. Бұл уақыт ішінде жіберушіге кемінде 3 рет хабарласыңыз. «Доғару» батырмасын басып, тапсырысты доғарыңыз.
Алушы байланысқа шықпай жатыр
10 минут күте тұрыңыз. Бұл уақыт ішінде алушыға кемінде 3 рет хабарласыңыз. Жауап қайтарылмаған үш қоңыраудан кейін «Қайтару» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз. Батырма пайда болмаса, қолдау қызметіне жазып, нұсқауларды орындаңыз.
Жіберушіге хабарлап, одан сәлемдемені қайтарып алуға дайындығын сұраңыз. Дайын болса, сәлемдемені жіберушіге апарып тастаңыз. Тапсырыс құны қайтаруды ескеріп автоматты түрде қайта есептеледі.
Жіберушіге хабарлау және оған сәлемдеме қайтару мүмкін болмаса, онда қолдау қызметіне хабарлаңыз — олар не істеу керектігін айтады.
Бірдеңе нұсқауға сәйкес болмайтын жағдайлар көп. Бұл туралы «Тапсырыстар кезіндегі стандартты емес жағдайлар» мақаласында оқуға болады.
Тапсырыстарға берілетін түсіндірмелерді неліктен оқу маңызды
Пайдаланушылар түсініктемелерде маңызды мәліметтерді жазады: мысалы, домофон коды, рұқсат қағазға тапсырыс беру керек пе, оған қалай жетуге болады. Кейде олар да тілектерін қалдырады — оларды орындауға тырысыңыз. Мысалы, егер «Есік қоңырауын соқпаңыз» деп жазылса, есікті қағыңыз — пәтерде кішкентай бала ұйықтап жатқан болуы мүмкін.
Тапсырыстарда не тыйым салынған
Яндекс Доставка пайдаланушылары мен мамандарына тіл тигізу.
Дауларды бастау.
Жіберушіден тапсырысты доғаруға немесе оны Яндекс Pro-ны айналып жеткізуді сұрау
Пайдаланушыдан жеткізу үшін «бес» қоюды сұрау.
Алушыдан Яндекс Pro қолданбасында көрсетілген ақшадан көбірек сұрау.
Яндекс Pro-да термоқораптың болуы және фотобақылаудан өтуі туралы белгі болса, тапсырыстарға термоқорапсыз келу.
Сәлемдемелерді ашу немесе бұзу. Егер сәлемдеме табыстау кезінде әлдеқашан зақымданса, жіберушінің көзінше зақымданған жерін суретке түсіріңіз. Маңызды ақпарат: кадрда пайдаланушының беті көрінбеуі тиіс.
Сәлемдемелерді иеленіп алу.
Тапсырыстарды бөгде адамның профилін пайдаланып орындау немесе өз аккаунтты басқа курьерге табыстау.
Жіберушінің немесе алушының деректерін жеке мақсаттарда пайдалану — пайдаланушыларға тапсырыстан тыс кезде хабарласпаңыз және жазбаңыз.
Желіге мас күйде шығу.
Яндекс Доставка сервисіне қатысты арам ниетті әрекеттер жасау.
Нені жеткізуге болмайды
жануарлар
ақша мен құнды заттар
қару-жарақ, есірткі және айналымы Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған немесе шектелген кез келген өзге заттар
қауіпті заттектер (толық тізімімен танысып шығыңыз)
биологиялық материалдар, мысалы, қан
рецепт бойынша берілетін медициналық препараттар
арнайы қаптамасы жоқ сынғыш заттар және ашық ыдыстағы сұйықтықтар
термоқорабыңыз болмаса, азық-түліктер және ерекше жеткізу шарттарын талап ететін басқа да сәлемдемелер
термоқорапты немесе көлік салонын былғауы немесе зақымдауы мүмкін сәлемделер
Сәлемдемеде осы тізімдегі заттардың болуын біліп қойсаңыз, жеткізуден бас тартып, қолдау қызметіне хабарлаңыз.