Тапсырыстарды смс арқылы растау
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Кейбір корпоративтік тапсырыстар жеткізуді смс код арқылы растауды талап етеді. Сәлемдемені алған және табыстаған кезде тапсырыстарды растап отыру керек.
А нүктесінде растау
Кодты енгізу талап етілсе, онда «Кодты енгізу» батырмасы пайда болады. Сәлемдемені алған бетте осы батырманы басыңыз. Бұл кезде жіберушіге код келеді — оны қолданбада енгізіңіз. Кодсыз тапсырысты орындауды жалғастыра алмайсыз.
Код келмесе немесе жіберуші қандай да бір себептермен оны атамаса, оған сәлемдемені қайтарып, қолдау қызметінің көмегімен тапсырысты аяқтаңыз.
Б нүктесінде растау
Алушыға келгенде «Сәлемдеме табысталды» батырмасын басыңыз — оның телефонына код келеді. Оны Яндекс Pro-да енгізіп, сәлемдемені беріңіз.
Kaspi тапсырыстарында код алушыға смс-пен емес, Kaspi қолданбасында келуі мүмкін.
Алушы сәлемдемені қабылдамаса, қандай да бір себептермен кодты айтпаса немесе код сәйкес келмесе, тапсырыс картасындағы батырма арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз. Бұл жағдайда сәлемдемені беруге болмайды — оны жіберушіге қайтарыңыз.