Жаяу курьерлерге арналған сервис стандарттары
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Сервис стандарттары — бұл курьерлер сақтауы тиіс ережелер. Бұл ережелерді сақтасаңыз, пайдаланушылар сізге жоғары бағаларды жиі қоятын болады.
Пайдаланушылармен қалай сөйлесу керек
Сыпайы болыңыз: сәлемдесуді және қоштасуды ұмытпаңыз, пайдаланушыларға «сіз» деп сөйлеңіз.
Күлімсіреңіз — сіздің көңіл-күйіңіз жалпы пікірге әсер етеді.
Тапсырыстарға берілетін түсіндірмелерді оқып, оларды орындауға тырысыңыз. «Есік қоңырауын соқпаңыз» деп айтылса, есікті қағыңыз — пәтерде кішкентай бала ұйықтап, қоңырау оны оятып жіберуі мүмкін.
Тапсырысқа қатысы жоқ бір нәрсе туралы әңгіме бастамау немесе түсініктеме бермеу керек. Осылайша уақытты кетірмей, кездейсоқ дауды болдырмайтын боласыз.
Жоғары баға қоюды сұрамаңыз. Бәрін дұрыс жасасаңыз, бәлкім пайдаланушы оны өзі де қойғысы келеді.
Қалай киіну керек
Тапсырыстарды орындау кезінде не киетініңізді өзіңіз таңдайсыз — тапсырыстарда міндетті формаға қатысты талаптар жоқ.
Ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдаңыз.
Спорттық және жағажайлық киімді, жеңсіз ішкөйлектерді, шәрке мен шәркейді кимеуді сұраймыз. Бұл кәсіби адамға сай емес, сондықтан пайдаланушылар сізге төмен баға қойып, рейтингіңіз түсіп қалады.
Өзіңізбен бірге не алу керек
Сізге келесілер қажет болады:
қайтарым беруге қолма-қол ақша
телефонды қуаттау үшін сыртқы аккумулятор
термоқорабыңыз болмаса, кішігірім сәлемдемелерді салуға болатын берік пакеттер
паспорт немесе жүргізуші куәлігі — кейбір бизнес орталықтарға құжатсыз кіргізбейді.
Жеке заттарға рюкзак немесе бел сөмкесі жарайды — олармен қолыңыз бос қала береді.
Термоқорабыңыз болса, онда жеке заттарға арналған арнайы қалталар болуы мүмкін. Қорап ішіне өз заттарыңызды салуға тыйым салынады.
Тапсырыста қалай әрекет ету керек
Тапсырысты қабылдағаннан кейін бірден жіберушіге барыңыз.
Сәлемдемені алып кеткенде алушыға хабарлап, оған бара жатқаныңызды ескертіп айтыңыз.
Сәлемдемені әрқашан алушы пәтерінің немесе кеңсесінің есігінен алып, алушының есігіне дейін жеткізіп отырыңыз.
Пайдаланушы маршрутты өзгерткісі келсе, одан қолданба арқылы соңғы нүктені өзгертуді сұраңыз.
Сервисте не тыйым салынған
Яндекс Доставка пайдаланушылары мен мамандарына тіл тигізу.
Дауларды бастау.
Жіберушіден тапсырысты доғаруға немесе оны Яндекс Pro-ны айналып жеткізуді сұрау
Пайдаланушыдан жеткізу үшін «бес» қоюды сұрау.
Алушыдан Яндекс Pro қолданбасында көрсетілген ақшадан көбірек сұрау.
Яндекс Pro-да термоқораптың болуы және фотобақылаудан өтуі туралы белгі болса, тапсырыстарға термоқорапсыз келу.
Сәлемдемелерді ашу немесе бұзу. Егер сәлемдеме табыстау кезінде әлдеқашан зақымданса, жіберушінің көзінше зақымданған жерін суретке түсіріңіз. Маңызды ақпарат: кадрда пайдаланушының беті көрінбеуі тиіс.
Сәлемдемелерді иеленіп алу.
Тапсырыстарды бөгде адамның профилін пайдаланып орындау немесе өз аккаунтты басқа курьерге табыстау.
Жіберушінің немесе алушының деректерін жеке мақсаттарда пайдалану — пайдаланушыларға тапсырыстан тыс кезде хабарласпаңыз және жазбаңыз.
Желіге мас күйде шығу.
Яндекс Доставка сервисіне қатысты арам ниетті әрекеттер жасау.
Нені жеткізуге болмайды
жануарлар
ақша мен құнды заттар
қару-жарақ, есірткі және айналымы Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған немесе шектелген кез келген өзге заттар
қауіпті заттектер (толық тізімімен танысып шығыңыз)
биологиялық материалдар, мысалы, қан
рецепт бойынша берілетін медициналық препараттар
арнайы қаптамасы жоқ сынғыш заттар және ашық ыдыстағы сұйықтықтар
термоқорабыңыз болмаса, азық-түліктер және ерекше жеткізу шарттарын талап ететін басқа да сәлемдемелер
термоқорапты немесе былғауы немесе зақымдауы мүмкін сәлемделер
Сәлемдемеде осы тізімдегі заттардың болуын біліп қойсаңыз, жеткізуден бас тартып, қолдау қызметіне хабарлаңыз.