Тапсырыстар кезіндегі стандартты емес жағдайлар
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Кейде бірдеңе нұсқауға сәйкес болмайды, мысалы, алушы байланысқа шықпайды немесе сізден біртүрлі нәрсе жасауды сұрайды. Осындай жағдайларда не істеу керектігін айтайық.
Жіберуші байланысқа шықпай жатыр
10 минут күте тұрыңыз. Жіберушіге кемінде 3 рет хабарласыңыз. «Доғару» батырмасын басып, тапсырысты доғарыңыз.
Алушы байланысқа шықпай жатыр
10 минут күте тұрыңыз. Алушыға кемінде 3 рет хабарласыңыз. Жауап қайтарылмаған үш қоңыраудан кейін «Қайтару» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз. Батырма пайда болмаса, қолдау қызметіне жазып, нұсқауларды орындаңыз.
Жіберушіге хабарлап, одан сәлемдемені қайтарып алуға дайындығын сұраңыз. Дайын болса, сәлемдемені жіберушіге апарып тастаңыз. Тапсырыс құны қайтаруды ескеріп автоматты түрде қайта есептеледі.
Жіберушіге хабарлау және оған сәлемдеме қайтару мүмкін болмаса, онда қолдау қызметіне хабарлаңыз — олар не істеу керектігін айтады.
Сәлемдеме тарифке сәйкес болуы тиіс салмағынан да ауыр
«Курьер» тарифіндегі сәлемдеменің максималды салмағы 10 кг, ал «Экспресс» тарифіндегі максималды салмағы 20 кг құрайды. Сәлемдеменің салмағы көбірек болса, тапсырыстан бас тарта аласыз.
Сізден біртүрлі нәрсе жасауды сұрап жатыр
Сізден барып ақша шешіп алу немесе сәлемдемені алушыға бермей, бір жерге қалдыру сияқты жеткізуге қатысы жоқ нәрсе жасауды сұраса, оны орындамаңыз және қолдау қызметіне хабарлаңыз.
Ресепшнге жібермей жатыр
А нүктесінде болсаңыз, жіберушіге хабарлап, жағдайды айтып беріңіз.
Б нүктесінде болсаңыз, алушыға хабарлап, жағдайды айтып беріңіз.
Тапсырысты доғару керек
Мейрамханалардан келетін тапсырыстар. Тапсырысты доғару үшін тапсырыс картасынан тікелей қолдау қызметіне жүгініңіз. Осындай тапсырыстарды мейрамхана тапсырысты дайындағанға дейін ғана доғаруға болады. Тапсырыс дайын болса, оны алып кетіп, алушыға жеткізу керек.
Басқа тапсырыстарды жіберушіден алып кеткенге дейін ғана доғаруға болады. Доғару үшін тапсырыс картасында «Тапсырысты доғару» батырмасын басып, тапсырысты орындай алмайтын себебіңізді таңдаңыз. Бұл жағдайды автоматты түрде тексереміз.
Тапсырысты қателесіп доғаруға жол бермеу үшін қолданба мұны қандай жағдайларда жасауға болатынын еске салады.
Доғаруды теріс пайдаланбаңыз — қабылданған тапсырыстарды жиі доғарсаңыз, оларға қол жеткізу шектелуі мүмкін.
Бірнеше алушысы бар тапсырыстар. Әдетте, бұл интернет дүкендердегі тапсырыстар. Мұндай тапсырыста қандай да бір сәлемдемемен проблема туындаса — ол дайын болмаса немесе талаптарға сәйкес келмесе — онда бүкіл тапсырысты доғармай, нақты сәлемдемені алуды доғаруға болады. Ол үшін «Сәлемдеме алынды» → «Алуды доғару» батырмасының қасында үш нүктені басыңыз.
Жіберуші сәлемдемені нашар күйде беріп жатыр
А нүктесіндегі сәлемдеме нашар күйде болса, мысалы, езілген, сынған немесе жыртылған болса, бұл туралы жіберушіге айтыңыз. Жіберуші келіспесе, жеткізуді талап етсе, жіберушімен бірге сәлемдемені суретке түсіріп, оны сақтап қойыңыз.
Сәлемдеме лас болса, тапсырыстан бас тарта аласыз — бұндай сәлемдеме сервис стандарттарын бұзады.
Тапсырыста «Есіктен есікке дейін» белгісі жоқ, бірақ алушы осы қызметті сұрап отыр
Бұл жағдайда оған сәлемдемені алу үшін сізге қарай шығу керектігін түсіндіріңіз. Алушы сәлемдемені өзі алғысы келмесе, қолдау қызметіне хабарласыңыз — сізге не істеу керектігін айтып береді.
Тапсырысты басқа курьер алып кетті
Мейрамханаға немесе интернет дүкенге келіп, тапсырысыңыздың басқа курьерге берілгенін байқасаңыз, тапсырысты доғармай, қолдау қызметіне хабарласыңыз.