«Жол-жөнекей» режимі
Соңғы жаңартпа 7 Oct 2025
Слот кезінде өз шаруаларыңыз бар жерге жақын болуды немесе слот соңында үйіңізге жақын болуды қалайтыныңызды түсінеміз. Ол үшін «Жол-жөнекей» режимін қосып, картадан керек нүктені белгілеңіз. Жүйе сіздің жолыңызға сәйкес тапсырыстарды таңдай бастайды.
Сіз белгіленген нүктеге жеткен кезде режим автоматты түрде өшіріледі. Осыдан кейін үзіліс алып, жоспарыңызды орындай аласыз, сосын слотты жалғастыруға немесе аяқтауға болады. Нүктелерді қайта енгізбеу үшін сақтап қою мүмкіндігі бар.
✅ Қалай жұмыс істейді
режимді белсенді слотта қосуға болады
режим әзірше белсенді тапсырыс кезінде қолжетімсіз, сондықтан егер сізге тым көп тапсырыс түссе — алдымен үзіліс қойыңыз, содан кейін «Жол-жөнекей» режимін қосыңыз. Үзілісті өшірген соң тапсырыстар қайтадан келе бастайды
таңдалған нүктеге 90 минут ішінде жетпесеңіз, режим өшіріледі
режимді тәулігіне екі рет қана қосуға болады және бір уақытта тек бір нүктені таңдай аласыз
бос және жоспарлы слоттарда қолжетімді
белсенді тапсырыс орындау барысында немесе «Жол-жөнекей» режимі қосулы кезде басқа нүктені таңдау мүмкін емес
таңдалған нүкте қазіргі орналасқан жеріңізден кемінде 1 км және ең көп дегенде 30 км қашықтықта болуы керек.
Егер баруыңыз керек жерлер қала шетіндегі аудандарда орналасқан болса, тапсырыстар саны әдеттегіден аз болуы мүмкін.
Режимді қалай қосу керек
«Жолбасшыға» өтіңіз
«Жол-жөнекей» режимін Яндекс Про-ның басты бетінде «Жолбасшы» бөлімінен таба аласыз.
Қосу үшін — үзіліс жоспарлаңыз
Функция белсенді тапсырыс кезінде жұмыс істемейді. Егер сізге көп тапсырыс түсіп жатса немесе автокабылдау қосулы болса, алдымен үзіліс жасауды ұсынамыз.
Картадан нүкте таңдаңыз
Режим жол-жөнекей тапсырыстарды ұсына бастайды. Жеткізіп болған соң үзіліс жасап, жоспарлаған істеріңізді орындап, содан кейін слотты жалғастыра немесе аяқтай аласыз. Таңдалған нүктелерді сақтап қоюға болады — сонда мекенжайды қайта енгізудің қажеті болмайды.
Жол-жөнекей жеткізіңіз
Үзілісті өшіріңіз, сонда режим қайта іске қосылып, жол-жөнекей тапсырыстар тағы да тағайындалады.