Курьерлерге арналған ыңғайлылықтар
Соңғы жаңартпа 21 May 2025
Ресторандарда тапсырысты күту енді әлдеқайда ыңғайлы болды.
Bahandi серіктесімен бірге тапсырыс күтуге арналған арнайы орындар әзірленіп, орнатылды. Бұл жерлерде курьерлер өз термосөмкелерін қойып, тапсырысты алғанша тыныға алады.
Термосөмкелерге арналған орындарды келесі мекенжайлардан таба аласыз:
«Тастақ» — Төле би көшесі, 227
«ЦУМ» — Абылай хан даңғылы, 62
«Мерей» — Сүйінбай даңғылы, 2/7
«Жангелдин» — Демьян Бедный көшесі, 3/2
«Форум» — Сейфуллин даңғылы, 617
«Весновка» — Көктем-2 ықшамауданы, 22
«Масато» — Жандосов көшесі, 162А
«Магнум Гагарин» — Радостовец көшесі, 292
«Магнум Ақбұлақ» — Хан Шатыр көшесі, 273/5.
Ресторанда күту орнын жылдам табуыңыз үшін олардың әрқайсысының үстіне тақтайша орнатылды (суретке қараңыз).