Тапсырыстарды қалай салу керек
Соңғы жаңартпа 24 Sep 2025
Жеткізудің сапасы жоғары болуы үшін тапсырыстарды термосөмкеге дұрыс салып, дұрыс тасу маңызды.
Салқын мен ыстықты қалай салу керек?
Ыстық және салқын тағамдар мен сусындарды бөлек салу қажет, әйтпесе тауарлардың сапасы төмендеуі мүмкін. Ол үшін сөмкенің ішінде арнайы бөлік бар, 1-суретке қараңыз. Егер тапсырыс шағын болса, оны да толық бекіту үшін бөлгішпен қабырғаға қысып қоюға болады.
Пицца мен бәлішті қалай салу керек?
Мұндай жағдайларда тағам іште төңкеріліп кетпес үшін термосөмкені қолмен немесе иыққа асып алып жүруді сұраймыз:
көлденең алып жүруге арналған қосымша бау сіздің термосөмкеңіздің жанында орналасқан. Оның қасында тұрған қарапайым бауды ұзындығына қарай реттеп, иыққа асып салыңыз.
сөмкені арқаға салып, беліңізден жанындағы бауды бекітіңіз. Толығырақ 2-суретте көрсетілген.
Сорпа мен сусындарды қалай салу керек?
Сорпа мен сусындарды тек тік күйде, басқа тапсырыс бөліктерінің арасына немесе қасына қою қажет.
Ештеңе төгілмес үшін стақандар мен ыдыстарды бөлгішпен қысыңыз, оның жапсырмаларын сөмкенің қабырғасына бекітіңіз. Термосөмкені көтергенде, асынғанда және алып жүргенде абай болыңыз, артық шайқалудан сақтаныңыз, әйтпесе сұйықтық төгіліп кетуі мүмкін. Үлгісін 3-суреттен көруге болады.
Үлкен және ауыр тапсырыстарды қалай жеткізу керек?
Егер сіз тапсырысты көлікпен емес жеткізіп жатсаңыз және тапсырыс термосөмкеге сыймаса, тапсырысты термосөмкенің жанында қойып суретке түсіріп, қолдау қызметіне жіберіңіз. Операторлар сізге тапсырысты клиентке жеткізу үшін тегін такси шақырып береді.