Сервис стандарттары туралы ең бастысы
Соңғы жаңартпа
21 Nov 2024
Сервис стандарттары — бұл Яндекс Лавкадан тапсырыстар жеткізетін курьерлерге арналған басты ережелер. Жеткізу сапасын жоғары деңгейде ұстап отыру және әр түрлі жағдайда қалай әрекет жасау керектігін біліп жүру үшін стандарттарды естен шығармаңыз. Стандарттарды ұстану — курьердің кәсіпқойлық белгісі және тапсырыстар мен шайпұлды көбірек алу мүмкіндігі.
Жолда жүру ережелерін сақтаңыз. Жолда мұқият жүріңіз, ережелерді үнемі қайталап отырыңыз және жеткізер алдында көлігіңізді тексеріп алыңыз.
Слотқа дайындалыңыз. Жоспарлы слотты өткізіп алмаңыз, басталу уақытына кешікпеңіз және одан мерзімінен ерте кетіп қалмаңыз. Толығырақ.
Бүкіл тапсырыстарды қабылдаңыз және оларды — уақтылы, бүтін және толық күйде жеткізіңіз. Егер қатты кешігетін болсаңыз, клиент тапсырыстан бас тартуы мүмкін. Тапсырысты мүлде әкелмеуге болмайды. Толығырақ.
Ұқыпты әрекет жасаңыз. Жеткізу кезінде мұқият болыңыз: өзіңізге абай болыңыз және кез келген мүлікке — клиенттің тапсырысына, киім-кешекке, жалға алған көлікке, тіпті, аулаға кірер алдындағы шлагбаумға қамқорлықпен қараңыз. Толығырақ.
Сервис атынан жеткізу жасап жүрген кезде бәрімен — клиенттермен, ұжыммен және жай кетіп бара жатқан адамдармен сыпайы болыңыз. Клиенттермен амандасып жүріңіз, кешігіп қалсаңыз кешірім сұраңыз (тіпті, сіздің кінәңіз болмаса да) және кетіп бара жатқан кезде қоштасыңыз. Егер сізге дөрекі сөйлесе, өршітпеңіз: тапсырысты тезірек табыстап, қоштасып, кетіп қалуға тырысыңыз. Толығырақ.
Кәсіпқойлық пен әдепті сақтаңыз. Адамдардың жеке өмірін сыйлаңыз және клиенттермен таныспаңыз: әңгіме бастауға, қонаққа кіруге, шайпұл сұрауға және тапсырысты жеткізгеннен кейін клиентті мазалауға болмайды. Сәлемдесу, жақсы тәбет тілеу және қоштасу жеткілікті. Пайдаланушының жеке деректерін ешкімге беруге болмайтынын естен шығармаңыз. Сондай-ақ, өз аккаунтыңыздың логині мен құпиясөзін ешкімге беруге немесе басқа біреудің деректерін пайдалануға болмайды.
Жеткізуге сау күйде келіңіз. Алкогольдік немесе есірткілік мастану күйінде жүруге болмайды.
«Дресс-кодты» ұстаныңыз: слоттарға фирмалық киіммен шығу керек — онсыз Лавкадан тапсырыс ала алмайсыз. Киім мен термосөмке жинақы болуын қадағалап отырыңыз. Өз киім-кешегіңізді басқа адамдарға кие тұруға беруге болмайды. Толығырақ.
Бақылаушы органдардың заңдары мен өкімдерін естен шығармаңыз: жолда жүру ережелерін ұстанып жүру керек және жарамды медициналық кітапшаңыз болу керек, әйтпесе, айыппұл алуыңыз мүмкін. Жеткізу кезінде сіз тағаммен жұмыс істейсіз, сондықтан санитарлық нормаларды сақтау керексіз және слотқа науқас күйде шыға алмайсыз. Толығырақ.
Адал болыңыз: клиенттерді, Лавкадағы ұжымды және қолдау қызметін алдамаңыз. Сервис ережелерін қасақана пайдаланбаңыз — ережені бұзған үшін тапсырыс алу мүмкіндігіңіз шектелуі мүмкін. Толығырақ.
Слотта жүрген кезде байланыста болыңыз. Егер кідіріп жатсаңыз, сізге қолдау қызметі хабарласуға тырысады — егер сізге қоңырау шала алмаса, тапсырысты тоқтатып тастауы мүмкін.
Егер тапсырыста алкогольдік немесе энергетикалық сусындар бар болса, клиенттің жасын міндетті түрде тексеріп алыңыз: егер клиент жасын құжатпен дәлелдей алмаса, тапсырысты беруге болмайды. Толығырақ.
Ара-тұра сервис стандарттарын қайтадан оқып тұрыңыз, сонда негізгі қағидаларды ұмытпайсыз және жеткізу сапасын жоғары деңгейде ұстай аласыз. Ал егер сұрақтарыңыз бар болса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.