Жүргізушілерге арналған Яндекс ID: не үшін керек және қалай пайдалану керек
Соңғы жаңартпа 19 Aug 2025
Яндекс ID көмегімен авторизациядан өту — әртүрлі телефон нөмірімен тіркелген бірнеше парақшасы бар жүргізушілерге Яндекс Про-ны қауіпсіз әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін тәсіл. Барлық ерекшеліктері жайлы айтып берейік
Енді Яндекс Про-ға тек Яндекс ID арқылы кіруге болады — бұл Яндекстің бүкіл сервистеріне арналған бірыңғай аккаунт. Бұлай кірген ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Парақшаларды қосымша қорғау. Түрлі тәсілдермен растауды қосып, бақылау сұрағын көрсетуге болады.
Барлық жүргізуші парақшалары бір Яндекс ID-де болады. Тапсырыстарды орындаушы тіпті нөмірлері әр түрлі парақшалардың арасында, парк парақшасы немесе тікелей серіктес парақшасының арасында жылдам ауысып отыра алады.