Яндекс Про-ға смартфон функцияларын қолдануға рұқсат не үшін керек
Соңғы жаңартпа
27 Feb 2025
Сіз Яндекс Про қосымшасының бүкіл мүмкіндіктерін қолдануыңыз үшін оған сіздің смартфоныңыздың кейбір функцияларын қолдануға рұқсат керек.
Мұндай рұқсат қажет болған кезде мобильді қосымша сізге әрдайым ескертіп отырады. Яндекс Про-дан түсетін бұл хабарламалар қандай дереккөздегі қандай деректер мобильді қосымшаға өтіп отыратындығын үнемі біліп отыруға мүмкіндік береді — мысалы, микрофон, камера, GPS модулі. Сіз мобильді қосымшаға қандай да бір функцияны қолдануға әрдайым рұқсат та бере аласыз, тыйым да сала аласыз.
Сіз тапсырыстар алу, сізге сервис қызметкерлері немесе пайдаланушылар хабарласу үшін біз Яндекс Про орнатылған құрылғыдағы телефон нөмірін беруді сұраймыз.
Мобильді қосымша ТАӘ, туған күніңіз сияқты жеке деректеріңізді қолданбайды. Толыққанды істеу үшін оған мобильді қосымшамен күнделікті әрекеттерді жасау — тапсырыстарды орындау немесе тексерістерден өту үшін қажетті функциялар ғана керек.
Төменде біз мобильді қосымшаға әрбір функцияны қолдануға рұқсат не үшін керектігін түсіндіріп өтеміз.