Яндекс Про арқылы қалай жанармай құюға болады
Соңғы жаңартпа
28 Jul 2024
Кейбір АЖҚС-те Яндекс Про арқылы жанармай құйған ыңғайлы*. Барлық қосылған жанармай құю станцияларын сіз қолданбаның картасынан көресіз.
Жанармай құю үшін қолжетімді теңгерім, бейілділік карталары мен ағымдағы науқандар туралы білу үшін өз парақшаңыздың «Яндекс Заправки» бөліміне кіріңіз.
Яндекс Про парақшасына кіріңіз
Төмен қарай айналдырып, «Яндекс Заправки» бөлімін басыңыз
Қолжетімді теңгерімді көресіз
Яндекс Про арқылы жанармай құю мүмкіндігі таксопарктері осы опцияны қосқан жүргізушілерде бар. Егер сізде бұл функция болмаса, өз паркіңізден оны қосуды сұраңыз.
*Бұл функционалды Яндекс Заправки сервисі Яндекске қосымша төлемдерсіз ұсынады.
Бұл қалай істейді
Сіз жанармай құю станциясына дейін өзіңіз бара аласыз немесе қолданба арқылы бағдар құрастыра аласыз. Жанармай құю станциясына келген кезде қажетті АЖҚС-те тұрғаныңызды тексеріп алып, төмендегі нұсқаулықты орындаңыз.
Қолданбаның картасынан қажетті жанармай құю станциясын таңдаңыз.
Жанармай құятын колонканы таңдаңыз
Жанармай түрін көрсетіңіз
Жанармай мөлшерін немесе жанармай құюға жұмсағалы отырған соманы баптаңыз. Колонканың нөмірі мен жанармай түрін дұрыс көрсеткеніңізді тексеріп, «Төлеу» батырмасын басыңыз
Жанармай құюдың қорытынды сомасы мен төлем тәсілін тексеріп, «Растау» батырмасын басыңыз.
Жүктелгенін күтіп, төлемнің өткеніне көз жеткізіп алыңыз
Енді сіз жанармайды өзіңіз немесе колонканың операторы арқылы құя аласыз
Құйып болғаннан кейін сіз қорытынды сома мен құйылған жанармай мөлшері туралы толық ақпаратты көресіз. Бұл ақпарат та «Яндекс Заправки» бөліміне сақталады, ал қорытынды сома сіздің теңгеріміңізде көрсетіледі.
Бакқа жанармайды қалай толтырып құюға болады
Сіз өз автокөлігіңізге толық бак көлемін белгілей аласыз. Ол сақталады және оны әрбір жанармай құйған сайын толық бак толтырып құю үшін қолдана аласыз.
Ол үшін төмендегі нұсқаулықты орындаңыз:
Жанармай мөлшерін көрсететін кезде «Толық бак» батырмасын басыңыз.
Толық бак көлемін көрсетіп, «Дайын» батырмасын басыңыз
Бакты толтырып құйған кезде сіздің теңгеріміңізден қажетті сома ұсталады. Жанармай құйғаннан кейін, егер құйылған жанармай көлемі аз болса, айырмашылығы теңгерімге оралады.