Брендинг стандарттары
Соңғы жаңартпа
14 May 2024
Автокөлік тапсырыстарды тарату кезінде ұпайлар және брендинг үшін басқа бонустар алу үшін ол мына ережелерге сай болуы керек:
1. Автокөліктің шанағында қатты бұзылған жерлері болмау керек
Брендинг тағу үшін аз ғана бүлінген жерлері, мысалы, ұсақ сызаттары бар машиналар ғана жарайды.
Жапсырма тағатын жер бүлінбеген болу керек.
Ескі жапсырмалардың орны, үлкен сызаттар мен майысқан жерлері бар машиналарға жапсырма тағылмайды.
Бөлшектерінің түстері әр түрлі, жабыны түсіп қалған немесе түрлі-түсті автокөліктер брендинг тағу үшін жарамсыз.
2. Автокөліктің шанағында, жүксалғыштың артқы бөлігі мен артқы бамперден басқа жерлерде, бөгде жарнама мен жапсырмалар болмау керек
Бөгде жапсырмалар туралы толығырақ — төменде.
Ерекшеліктер бар: «Бұдыр», «Есту қабілеті бұзылған жүргізуші» деген жапсырмалар, сондай-ақ, маска мен қолғап киюге шақыру.
3. Жапсырмалардың шегіністері, элементтердің көлбеу бұрыштары, теңестірілуі сақталған, барлық элементтер өз орнында және бүлінбеген (мысалы, жыртылмаған) болу керек
Егер сіздің қалаңызда артқы әйнекке жапсырма тағу міндетті болса, оған да нұсқаулыққа сәйкес брендинг жасалуы керек.
Жапсырма ережелері туралы толығырақ нұсқаулықтан білуге болады.