Видеобақылау
Соңғы жаңартпа 3 Mar 2026
Видеобақылау — бұл біздің қызметкер сізге видеоқоңырау шалып, автомобильдің брендтелгенін тексеретін шара.
Видеобақылау қалай өтеді
Сізге видеобақылаудан қазір өту керектігі туралы хабар келеді.
Тапсырыстар қысқа уақытқа қолжетімсіз болады — бұл тексерістен алаңдамай өту үшін қажет.
Сервис маманы сізге Яндекс Про мобильді қосымшасы немесе Телемост арқылы видео-қоңырау жасайды. Ол өзіңізді және автокөліктің іші мен сыртын көрсетуді сұрайды.
Видео-қоңырау сіз тапсырыстардан бос кезде ғана жасалады.
Қалай дайындалу керек
Автокөлікте жапсырма тағулы тұру қажет.
Видео-қоңырау тікелей Яндекс Про мобильді қосымшасында жасалады — бәрі жақсы өту үшін интернет тұрақты болу керек.
Өтпеген жағдайда не болады
Егер видеобақылаудан өтпесеңіз, брендингке қатысты қосымша фотобақылаудан өту қажет болады — бұл туралы сізге хабарлама келеді.
Егер жапсырманың бар екенін растамасаңыз, брендинг туралы белгі алып тасталынады салдарынан басымдық ұпайларын жоғалтуыңыз мүмкін. Егер бұл жағдай видеобақылаудан қайта өткен кезде де қайталанса, тапсырыс алу мүмкіндігі шектелуі ықтимал.
Видеобақылауда не тексеріледі
Қоңырау кезінде тапсырыстарды орындау үшін пайдаланып жүрген автокөліктің мәліметтерін — мемлекеттік нөмірді, маркасы мен моделін, сондай-ақ шанақта брендинг жапсырмасының бар екендігін растау қажет болады.
