Қандай бонустар бар және оларды қалай алуға болады
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Тапсырыс бойынша сапарлар тиімдірек болу үшін сервис серіктестеріне бірнеше бонус түрлері қолжетімді*. Қандай бонустар бар екенін және олар қалай әрекет ететіндігін қазір айтып береміз.
Егер қалада бонустар бар болса, оларды Яндекс Про-ның басты экранынан — «Ұсыныстар» бөлімінен қарауға болады.
«Қала ішіндегі бонустар», «Мақсаттар», «Кепілдік» — бонустардың әрқайсысы қалай әрекет ететіндігі және қашан берілетіндігі туралы айтып береміз.
«Қала ішіндегі бонустар»
Олар қаланың белгілі бір аудандарындағы тапсырыстарға әрекет етеді. Мұндай аудандар Яндекс Про картасында көк түсті аймақтар түрінде белгіленген.
Көк түсті аймақтардағы бонустардың мөлшері әр түрлі — олар ауданға және тәулік мерзіміне тәуелді. Бонустың нақты сомасы және оның қашан қолжетімді болатыны туралы ақпаратты көк түсті аймақтың кестесінен қарауға болады. Кестеге басыңыз, сонда толық ақпарат ашылады.
Маңызды! Көк түсті аймақтардағы бонустардан сервис комиссиясы алынады.
Қалай әрекет етеді. Бонус әрекет ететін кезеңде көк түсті аймақтың ішінде тапсырыс қабылдаңыз. Сапардың бастапқы немесе межелі нүктелері көк түсті аймақтың сыртында болуы мүмкін — бонус бәрібір әрекет етеді. Тапсырысты қабылдаған кезде көк түсті аймақтың ішінде болу маңызды.
Көк түсті аймаққа енді келе жатқан кезде тапсырыс қабылдағанда абайлаңыз. Егер аймаққа кіріп үлгермесеңіз немесе үлгерсеңіз, бірақ GPS ақаулары себебінен сіз оның сыртында тұрғандай болса, тапсырысқа бонус қолданылмайды. Сондықтан, бонус нақты қолданылу үшін, тапсырыстарды көк түсті аймақтың ортасына барынша жақын жерден қабылдауға тырысыңыз.
«Кепілдік»
Бұл бонус «Минималды табыс» деп те аталады. Бұл бонуста тәуліктік минималды табыс қанша болатыны әрдайым түсінікті. Назар аударыңыз: «Минималды табыстан» сервис комиссиясы алынады.
Қалай әрекет етеді. Бір тәулікте тапсырыстардың белгілі бір санын орындаңыз — сонда Яндекс Про теңгеріміне көрсетілген сомадан кем болмайтын сома аударылады. Мысалы, қалада бонус әрекет етеді делік: 2 тапсырыс үшін 1000 ₸ кем емес. Сіз әрқайсысы 400 ₸ құрайтын екі тапсырыс орындадыңыз. Бонус болмаса, екеуі үшін сіз 800 ₸ (комиссия шегеріміне дейін) алатын едіңіз. Ал бонустың арқасында Яндекс Про теңгеріміне осы тапсырыстар үшін сомасы 1000 ₸ болу үшін тағы +200 ₸ (комиссия шегеріміне дейін) аударылады.
Тапсырыстардың нақты құны «Минималды табыстан» көбірек болуы да мүмкін. Бұл жағдайда бұл бонус қолданылмайды — себебі сапарлардан түскен табыс бәрібір уәделенген минимумнан асады.
«Минималды табысты» есептеу кезінде кейбір режимдерде, мысалы «Менің ауданым» немесе «Шаруалар бойынша» режимдеріндегі тапсырыстар ескерілмеуі мүмкін — сіздің қалаңыздағы бұл шарт туралы ақпарат режимнің сипаттамасында көрсетілетін болады.
«Мақсаттар»
Жүргізуші қолданба арқылы мақсат алуы мүмкін: тапсырыстардың белгілі бір санын орындаңыз, кейін осы үшін бонус алыңыз.
Қалай әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, мақсаттар кейбір жүргізушілерде болмауы мүмкін. Ал мақсаты барларда мақсаттардың шарттары бір қаладағы әр түрлі жүргізушіде әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ретте механикасы бір болады: көрсетілген уақыт ішінде сапарлардың белгілі бір санын орындау керек. Мысал ретінде, тәулігіне 30 сапар үшін 500 ₸ немесе аптасына 180 тапсырыс үшін 2500 ₸.
Қолданба арқылы қанша сапар және қанша уақытта орындау керек екенін мұқият бақылап отырыңыз: мақсаттар тәуліктік, апталық және басқа кезеңдерге де арналуы мүмкін.
Жүргізуші көрсетілген мерзімде сапарлардың қажетті санын орындаған кезде, келесі күні Яндекс Про-дағы теңгеріміне бонус аударылады. Мақсат үшін орындалған сапарлардың нақты сомасы маңызды емес — бонус орындалған сапарлар құнының үстінен аударылады және оның сомасына сервис комиссиясы қолданылмайды.
Бонустар үшін қандай ережелер бар
Сервис бонустары мына шарттарға сай орындалған сапарлар үшін беріледі:
Тапсырыс бонус әрекет етіп тұрған кезде қабылданған.
Тапсырыстың ұзақтығы — екі минуттан кем емес. Уақыт сіз тапсырысты қабылдаған сәттен емес, «Жолда» батырмасын басқан сәттен бастап ескеріледі.
Сапар бонус әрекет ететін кезеңде жасалған. Кезеңдер әр түрлі болады: бонустың бір түрін алу үшін бір тәулік ішінде тапсырыстар орындау керек, келесі түрін алу үшін бір апта ішінде орындау керек, басқалары үшін басқа мерзімдер болуы мүмкін. Толық ақпарат қолданбадағы бонустың сипаттамасында бар.
Тапсырыс тек сервис пайдаланушыларынан түскен. «Көшеден алған» немесе таксопарк берген тапсырыстар ескерілмейді.
Сапар көрсетілген тариф бойынша жасалған. Әрбір бонустың сипаттамасында оны аудару кезінде қандай тарифтердегі сапарлар ескерілетіні жайлы ақпарат бар.
Жүргізушіде жеткілікті Белсенділік ұпайлары бар. Бонустарды алу үшін сапарларды орындау сәтінде жүргізушіде белгілі бір Белсенділік көрсеткіші болуы тиіс. Ұпайлардың нақты саны қолданбадағы бонустың сипаттамасында көрсетілген.
Бонустардан («Мақсаттардан» басқа) сервис комиссиясы алынады.
Біз бонустары бар тапсырыстарда ереженің бұзылмауын тексеріп отырамыз. Егер тексеріс алгоритмі сервис ережелерінің бұзылғанын анықтаса, бонус берілмейді, мысалы:
тапсырыстардан бірнеше рет бас тарту;
тапсырысты ерте — Б нүктесіне жетпей аяқтау;
жалған тапсырыстар;
сапарлардан бас тарту.
*Бонус — такси қызметі көрсететін сервисті дамыту бойынша қызметтерді көрсеткен үшін төлем. Есептеулер кезінде сервисті пайдалану мүмкіндігін беру бойынша қызметтердің құны ескерілмейді. Бонустар сіздің қалаңыздағы Яндекс Такси серіктестері үшін әрекет етеді. Бонустың әрекет ету мерзімі шектелген. Өзгертулер туралы қосымша хабарланады. Төлемдерді және өзекті ақпарат алу үшін өз таксопаркіңізге хабарласыңыз.