Тапсырыстарды тарату кезінде басымдықты қалай алуға болады
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Тапсырыстарды тарату кезінде сізге не басымдық беретіндігі және оны арттыру үшін не істеу керектігі туралы айтып береміз.
Тапсырыстарды тарату кезіндегі басымдық деген не
Тапсырыстарды тарату жүйесі автоматты түрде жұмыс істейді. Ол белгілі бір талаптарға сай келетін автокөлікті таңдайды. Әдетте, тапсырысты жолаушыға дейін тезірек жететін жүргізуші алады.
Бірақ, егер жақын жерде басымдығы барынша жоғары автокөлік бар болса және ол басқаларға қарағанда жолаушыдан алысырақ тұрса да, тапсырысты осы машинаның жүргізушісі алады. Осылайша, басымдық неғұрлым жоғары болса, күтіп қалу уақыты азырақ болады және жаңа тапсырыс тезірек түседі.
Мысалы, пайдаланушы «Комфорт+» тарифі бойынша сапарға тапсырыс берді. Пайдаланушыдан 500 метр жерден бір машина табылды, бірақ оның басымдығы мүлде жоқ. Екіншісі сәл алыстау — 600 метрде, бірақ оның басымдығы бар. Тапсырысты екінші машина алады.
Басымдық әуежайдың электрондық кезегіндегі тапсырыстарды таратуға әсер етпейді. Ондағы тапсырыстарды тарату ережелері бұрынғыша қала береді.
Басымдық жүргізушіге не береді
Жүргізушінің басымдығы неғұрлым жоғары болса, оның күтіп қалу уақыты азырақ болады және оған жаңа тапсырыс тезірек түседі. Демек, басымдығы жоғары жүргізушінің табысын арттыру мүмкіндігі көбірек болады. Іс жүзінде ол былай істейді:
Тапсырыстарды тарату жүйесі автоматты түрде жұмыс істейді. Пайдаланушы таксиге тапсырыс берген кезде ол белгілі бір талаптарға сай келетін және бәрінен тезірек келе алатын автокөлікті таңдай бастайды.
Жақын жерде сай келетін бірнеше автокөлік болуы мүмкін — сол кезде тапсырысты, тіпті ол басқа машиналарға қарағанда пайдаланушыдан алысырақ тұрса да, басымдығы жоғарылау автокөлік алады.
Мысалы, пайдаланушы «Комфорт+» тарифі бойынша сапарға тапсырыс береді. Бір машина одан 500 метрдей жерден табылды, бірақ оның басымдығы мүлде жоқ. Екіншісі сәл алыстау — 600 метрде, бірақ оның басымдығы бар. Тапсырысты екінші машина алады.
Басымдықты қалай алуға болады
Тапсырыстарды тарату кезіндегі басымдық ұпайлар түрінде есептеледі. Олар белгілі бір шарттарды орындаған кезде аударылады.
Қосымша ұпайларды алу үшін не істеуге болады:
автокөлікке жапсырма тағу немесе лайтбокс орнату,
рейтингті көтеру,
артықшылықтар бағдарламасында деңгей алу,
Жолбасшыны пайдалану,
сервисте ұзақ уақыт бойы тапсырыстар орындау.
Басымдықты арттыратын әрекеттердің нақты тізімі мен басымдық ұпайларының саны сіз тапсырыстар орындайтын аймаққа байланысты болады.
Өз басымдығыңызды қайдан қарауға болады
Ағымдағы басымдықты басты экранның жоғарғы сол жақ бұрышынан қарауға болады. Таңбаға басыңыз — толық ақпарат бар экран ашылады.
Ол жерден сіз ұпайлардың не үшін берілгенін және ұпайлар санын арттыру үшін не істеуге болатындығын қарай аласыз.
Сервис жұмысын оңтайландыру үшін және форс-мажорлық жағдайлар кезінде сервисте басымдықты беру шарттарын өзгерту құқығы бар.