Сервис комиссиялары қалай өзгереді
Соңғы жаңартпа
7 Feb 2025
19 ақпаннан бастап сервисте қызметтестік шарттарын түсініктірек етіп, жүргізушілерге табысын жоспарлауды оңайлатуға көмектесетін өзгерістер жасалады. Төмендегідей өзгерістер болады.
Не өзгереді
Сервис комиссиясы. Сервис істейтін әрбір қалада комиссия бекітілген және бір тарифтегі бүкіл тапсырыстарда бірдей болады. Жүргізушілер өз қаласындағы комиссияны Яндекс Про-ның «Хабарламалар» бөліміндегі стористен біле алады. Сторис әр бірнеше күн сайын жаңарып отырады және қазір жүргізуші сапар орындап жүрген қаладағы комиссияларды көрсетеді.
Бағдарламалық жасақтама үшін төлем. Енді бұрын сервис комиссиямен бірге ұстап келген БЖ үшін бөлек төлем болмайды.
Плюс ұпайлары. Пайдаланушы үшін де, жүргізуші үшін де сапар құны Плюс ұпайларына байланысты өзгешеленбейді — кешбэк аударуды сервис өзіне алады.
Не өзгеріссіз қалады
Қосымша режимдердің шарттары — мысалы, «Шаруалар бойынша», «Менің ауданым», «Үйге».
Сұраныс өте жоғары тапсырыстарда комиссия төмен болады.