Тәжірибелі жүргізушілер сапар үшін бағаны қалай қояды
Соңғы жаңартпа
27 Nov 2023
Сізбен жасалған сапар үшін пайдаланушылар сервиске көңілі толған жағдайда «бестік» баға қоюы мүмкін. Егер жүргізуші жеткіліксіз дәрежеде сыпайылық танытса немесе ережелерді бұзса, ол аз «жұлдыз» алып қалуы мүмкін.
Алайда, жүргізуші де әрбір сапардан кейін баға қоя алады — олардан пайдаланушының рейтингі құралады, оны, мысалы, қолдау көрсету қызметі даулы жағдайларды шешу кезінде есепке алады. Сондықтан, пайдаланушымен жасалған сапарға объективті түрде баға беру маңызды.
Бағаны не үшін төмендетуге болады
Әрбір жүргізушіде мінсіз сапар туралы өз көзқарасы бар. Ал сапардан алған әсер мінсіз сапардың деңгейіне жетпей жатқан кезде баға қою әлдеқайда қиын. Дұрыс бағдар беру үшін біз сервис тапсырыстарын орындау тәжірибесі көбірек жүргізушілерден бес «жұлдыздан» төмен бағаны қай кездерде жиі қоятыны туралы айтып беруді сұрадық.
Тазалық пен ұқыптылық
⭐⭐⭐⭐ Пайдаланушы аздап ұқыпсыз болды, мысалы, салонға отырар алдында аяқ киіміндегі лайды немесе сырт киіміндегі қарды қақпады.
⭐⭐⭐ Сапардан кейін салонда қоқыс немесе жағымсыз иіс қалып қойды.
⭐⭐ Қаптамада оңай тазалауға болатын лай қалып қойды: мысалы, қаптама бетіндегі аяқ киімнен қалған із.
⭐ Пайдаланушы салонның бөлшектерін бүлдірді немесе химиялық тазалауды қажет ететін лай қалдырып кетті.
Өзара әрекеттесу және тілдесу
⭐⭐⭐⭐ Пайдаланушы сәлемдеспеді, телефонмен қатты сөйлесті немесе видеоны дыбыспен қарап отырды.
⭐⭐⭐ Пайдаланушы дөрекі болды, менсінбей сөйлесті, наразылық танытты, жүргізушіге машинаны қалай жүргізу керектігін үйретіп отырды.
⭐⭐ Пайдаланушы жүргізушімен дөрекі және ашулы түрде сөйлесті.
⭐ Пайдаланушы жүргізушіге сес көрсетті, жанжал тудырды.
Қауіпсіздік
⭐⭐⭐⭐ Пайдаланушы телефон арқылы қатты сөйлесіп отырды немесе қауіпсіздік белдігін тақпады.
⭐⭐⭐ Пайдаланушы әңгіме немесе музыкамен жүргізушінің мазасын алып отырды.
⭐⭐ Пайдаланушы сапар кезінде жолда жүру ережелерін бұзуды талап етті.
⭐ Пайдаланушы қауіпті жағдайлар туындатты: қолымен сермеп отырды, жүргізушіні итере берді, рөлге жармасты.
Тапсырысты ресімдеу және төлем
⭐⭐⭐⭐ Пайдаланушыны әдеттегіден ұзағырақ күтуге тура келді.
⭐⭐⭐ А нүктесі қате көрсетілген болды немесе оны табу қиын болды.
⭐⭐ А нүктесі тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын белгілердің әрекет ету аймағында болды.
⭐ Пайдаланушы төлемей қашып кетті.
Бағалар расымен де адал және өлшемді болу үшін тәжірибелі жүргізушілер бірнеше қағиданы ұстануға кеңес береді.
Пайдаланушылардың әрекеттері мен жағдайларды ажырата білу. Таңдалған тариф, Б нүктесіне барар жолдағы кептелістер немесе межелі орынға жақындап келу күрделі болған үшін баға қоюға болмайды. Оның сапар кезіндегі пайдаланушының мінез-құлқына ешқандай қатысы жоқ. Дәл осылай біз сапар кезінде жүргізушінің әрекетіне еш қатысы жоқ пайдаланушы пікірлерін де есепке алмаймыз.
Әділ баға қою. Жолаушы байқаусызда есікті қағып қалса, алайда, сапар жалпы жақсы өтсе, ол үшін бір-екі «жұлдыз» қою керек емес. Мұндай баға тым қатал және орын алған жағдайға сай емес болады.
Шектен шықпауға тырысыңыз. Егер тек «бестік» немесе тек «бірлік» баға қоя берсеңіз, пайдаланушымен жасалған сапарлар туралы көзқарас бұрмаланған болады және рейтинг сенімсіз болып шығады. Сондықтан, бағалардың түгел шкаласын қолданған абзал.