Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілер деген кімдер және олардың қандай артықшылықтары бар
Соңғы жаңартпа 22 Dec 2025
Такси саласында мәлімденген қызметі бар өзін-өзі жұмыспен қамтушы мәртебесіндегі жүргізушілер Қазақстанда сервиспен тікелей қызметтес бола алады және сервистен артықшылықтар алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілерге мемлекет тарапынан берілетін артықшылықтар
Егер жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушы (ӨЖҚ) төлеуі тиіс жарналар мен аударымдарды тұрақты және уақытылы түрде төлеп отырса, оған мынадай артықшылықтар беріледі:
Әлеуметтік төлемдер. Жарналар уақытылы төленіп тұрса, еңбек қабілеттілігін жоғалтқан кездегі төлемдер және әлеуметтік тәуекелдерді қамтитын басқа да қажетті кепілдіктер.
Медициналық сақтандыру. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілерге МӘМС бағдарламасы таралады, ол арқылы мемлекеттік тегін медициналық көмек бағдарламасына қарағанда барынша кеңірек медициналық қызметтер спектрі қолжетімді.
Ресми табыс. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілерде, егер салықтар мен аударымдар төленіп тұрса, тапсырыстардан түскен табыс ресми табыс болып табылады және оны несие, ипотека, жәрдемақы ресімдеу және басқа да құжаттарды алу кезінде растауға болады.
Тапсырыстарды онлайн-кассасыз орындауға болады. Бүкіл табыс «e-Salyq Business» мобильді қосымшасында есепке алынады.
Банктер несие алу қабілеттілігін зейнетақы аударымдарының мөлшері бойынша бағалайды: егер аударымдар болмаса — несие алу қиындау болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар сервистен алатын артықшылықтары
Тапсырыстарды тарату кезінде +15 басымдық ұпайы беріледі. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтушы тікелей серіктес ретінде тіркелген сәттен бастап беріледі және мерзімі шектелместен әрекет етеді*. Басымдық неғұрлым жоғары болса, тапсырыстар мен табыс соғұрлым көбірек болады.
Артықшылықтар бағдарламасында +10 ұпай. Тікелей серіктестіктің алғашқы 3 айында сервистің тікелей серіктесінің аккаунтына әрбір сапар үшін беріледі.
«Шаруалар бойынша» сапарлар көбірек. Бұл режимде аптасына 14 сапар қолжетімді — жүргізушіге қажет ауданған бағыттас сапарларды күніне екі рет орындауға болады. Егер артықшылықтар бағдарламасында Платина деңгейі болса, «Шаруалар бойынша» сапарлар күніне 3 рет болады.
Таксопарктің комиссиясы жоқ. Тікелей серіктестер сервис комиссиясын ғана төлейді.
*Қазір басымдық әрекет ететін мерзім шектелмеген. Шарттарды осы профильден қадағалап отырыңыз.
