Жеке кәсіпкер жүргізушілер 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтуға қалай өте алады
Соңғы жаңартпа 10 Dec 2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық Кодексі күшіне енеді — АҚП АСР негізіндегі жеке кәсіпкерліктің орнына өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимі енгізіледі.
1 наурызға дейін АҚП АСР негізіндегі жеке кәсіпкерліктен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған АСР-ге (жеке тұлғаларға қолжетімді) ауысуға мүмкіндік беретін өтпелі кезең әрекет етеді. Бұл уақыт ішінде қай салық режимін қолданатыныңызды анықтап алу қажет.
Қалай дайындалу керек
Егер сізде тек АҚП АСР негізіндегі жеке кәсіпкерлік бар болса: осы күйде қалып, тапсырыстарды әдеттегідей орындай берсеңіз болады.
Сервис бұрынғыдай E-salyq Business арқылы чектерді жасай береді, сондай-ақ өтпелі кезең барысында да, одан кейін де ЖТС және 4% көлемінде әлеуметтік төлемдерді ұстап, мемлекетке аударып отырады.
Өтпелі кезең аяқталған соң, салық органы жеке кәсіпкерлікті автоматты түрде жабады. 2026 жылғы 1 наурызға дейін жеке кәсіпкерлікті есептен шығару туралы хабарлама келмейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы күйін тіркеу күні ретінде 2026 жылы E-salyq Business мобильді қосымшасында бірінші чек жасалған күн алынады. Жеке кәсіпкерліктің жабылған күні ретінде 2026 жылдың 1 қаңтары саналады.
Жеке кәсіпкерлікті өзіңіз де жаба аласыз. Бұл жағдайда жеке кәсіпкерлікті жаппай тұрып, сервиспен жеке кәсіпкер ретінде қызметтес болған кезең үшін жабатын құжаттардың бәріне қол қойып шығу керек (әйтпесе корпоративтік тапсырыстар мен бонустар үшін төлем шектелуі мүмкін). Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу автоматты түрде — e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасында 2026 жылы алғашқы чек жасалған күн бойынша жасалады.
Егер бірнеше арнаулы салық режимін қатар пайдаланып жүрген болсаңыз (мысалы, АҚП АСР және жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР), олардың ішінен біреуін таңдау қажет:
Маңызды! Жаңа Салық Кодексі бойынша Сервисте тапсырыстарды орындау кезінде бірнеше салық режимін қатар пайдалана алмайсыз.
Жеке кәсіпкерлік күйін сақтап қалып, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолдану үшін:
2026 жылғы 1 наурызға дейін ҚР ҚМ МКК-ге аталған АСР-ды таңдағаныңыз туралы хабарлама беру қажет, әйтпесе сіз 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпы салық салу режиміне өтесіз.
Мұндай жағдайда таксопаркпен еңбек шартын жасау арқылы сервиспен қызметте бола аласыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы болу үшін: жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды өз бетіңізше жабу қажет.
— жеке тұлғалар мен тек АҚП АСР негізіндегі жеке кәсіпкерлігі бар жүргізушілер үшін өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу автоматты түрде — e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасында 2026 жылдың алғашқы чегі бойынша жасалады (жоғарыда «Егер сізде тек АҚП АСР негізіндегі жеке кәсіпкерлік бар болса» бөлімінде берілген ақпаратты қараңыз).
Салықтар мен құжат айналымында не өзгереді
Жабатын құжаттарды өткізу жеңілдей түседі — олардың бір бөлігін E-salyq Business мобильді қосымшасында жасалатын чектер алмастырады.
Қызметтестік пен құжат айналымының түрлері кестеде салыстырылған:
2025 жылдағы қызметтестік түрлері | 2025 жылдағы қызметтестік түрлері | 2026 жылдағы қызметтестік түрлері | 2026 жылдағы қызметтестік түрлері | |
|---|---|---|---|---|
| Тікелей және паркпен серіктес жеке кәсіпкерлер | Парктің жұмыскерлері (жүргізушімен еңбек шарты бойынша қызметтес болу) | Тікелей және паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушылар | Парктің жұмыскерлері (жүргізушімен еңбек шарты бойынша қызметтес болу) | |
Жеке табыс салығы (ЖТС) | 1% | ЖТС 10% + әлеуметтік төлемдер ~23,5% | 0% | ЖТС 10% + әлеуметтік төлемдер ~23,5% |
Әлеуметтік төлемдер | 1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1% 2. Міндетті медициналық сақтандыру жарналары (ММСЖ) — 1% 3. Әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%. Жиыны 3% | ЖТС 10% + әлеуметтік төлемдер ~23,5% | 1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1% 2. Міндетті медициналық сақтандыру жарналары (ММСЖ) — 1% 3. Әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%. 4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары — 1% Жиыны 4% | ЖТС 10% + әлеуметтік төлемдер ~23,5% |
Жабатын құжаттар | 3 ОЖА (орындалған жұмыстар актісі): біреуі сервис сыйақысы туралы келісімшарт бойынша, ал екеуі — корпоративтік сапарлар мен бонустар туралы келісімшарттар бойынша 2 электрондық шот-фактура (ЭШФ): корпоративтік сапарлар мен бонустар туралы келісімшарттар бойынша Барлығы: 5 құжат | — | 3 ОЖА (орындалған жұмыстар актісі): біреуі сервис сыйақысы туралы келісімшарт бойынша, ал екеуі — корпоративтік сапарлар мен бонустар туралы келісімшарттар бойынша Өзін-өзі жұмыспен қамтитын орындаушылар өз қызметтері бойынша электрондық шот-фактура (ЭШФ) шығармайды Барлығы: 3 құжат | — |
