Сервиспен қызметтес болу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтушы болу үшін не істеу керек
Соңғы жаңартпа 30 Dec 2025
2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық Кодексі күшіне енеді. Ол бұрын жеке кәсіпкерлікті ресімдеп көрмеген жүргізушілерге сервиспен тікелей немесе парк арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде қызметтесуге мүмкіндік береді.
Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдей түседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу оңай — ол e-Salyq Business мобильді қосымшасында сапардың бірінші чегі бойынша жасалады, құжаттарды жинау және салық органына жүгіну қажет емес.
Заңды ресімдеудің артықшылықтары бар: несие немесе ипотека үшін табыс бойынша анықтамалар, кеңейтілген медициналық сақтандыру, зейнетақы аударымдарын алу мүмкіндігі және өтіл.
Кім өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізуші бола алады?
Бұл мына шарттарға сай келетін жеке тұлғалар үшін ғана қолжетімді:
Қазақстан Республикасының азаматтары немесе қандастар
Жеке кәсіпкер болмау керек
Мемлекеттік лауазымда болмау керек
Сервисте тікелей өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде қалай тіркелу керек
Android немесе iOS жүйесіне арналған Яндекс Про қосымшасын жүктеп алыңыз.
Тіркеліп, фотобақылаудан өтіңіз.
Сервистің өзін-өзі жұмыспен қамтитын тікелей серіктесі болу үшін «Профиль» бөліміне кіріңіз, кейін «Өзін-өзі жұмыспен қамтитын тікелей серіктес болу» баннеріне басыңыз немесе «Чаттар» бөлімінде «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы болу» деген сториске басыңыз.
Егер сіздің профиліңізде баннер немесе сторис болмаса, онда қолдау қызметіне жүгініңіз, біздің мамандар сізге тіркелуге көмектеседі.
Сондай-ақ Жүргізушілерге арналған орталыққа келсеңіз болады. Мамандар сұрақтарыңызға жауап беріп, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде сервиске қосылуға, Яндекс Про мобильді қосымшасын жүктеп алып, онда авторизациядан өтуге көмектеседі.
Алматы: Назарбаев к-сі, 100г, 1 қабат.
Астана: Кенесары к-сі, 4, 40 кеңсе, 2 қабат.
Тіркелу процесін аяқтаңыз
Тіркелгеннен кейін сервис E-salyq Business қосымшасында чекті автоматты түрде құрастырады.
Осы сәттен бастап сіз өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде салық есебіне қойыласыз, сізге «Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимін» қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтушы күйі тағайындалады және режим қолданыла бастайтын күн анықталады — ол осы чек жасалған айдың бірінші күнінен басталады.
Тіркелгеннен кейін:
E-salyq Business парақшасында «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» күйі және оның әрекет ету мерзімі көрсетіледі.
Арнайы мобильді қосымша тапсырыстарды орындаудан түскен табысты автоматты түрде есептеп, тіркеп отырады.
Яндекс сіздің Яндекс Про мобильді қосымшасы арқылы алған табыстарыңыздан әлеуметтік төлемдерді (соның ішінде ЖМЗЖ — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын) ұстап қалып, аударып отырады.
Көріп отырғаныңыздай, жеке тұлғалар үшін өзін-өзі жұмыспен қамтуды тіркеу процесі қиын емес.
Сәтті сапарлар тілейміз!
