Жеке кәсіпкер жүргізушілер статистикалық есептерді қалай тапсыра алады
Соңғы жаңартпа
31 Oct 2024
Статистикалық есепті статистика органдарының іріктемесіне түскен жеке кәсіпкерлер тапсырады. Жеке кәсіпкер жүргізушілер үшін 2 есеп бар:
жеке кәсіпкердің қызметі туралы (индексі 1-ЖК);
автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің қызметі туралы (индексі 1-ЖК (автожолаушылар)).
Стат. есептердің бар-жоғын қалай тексеруге болады
Ол үшін https://stat.gov.kz/ порталындағы «Респонденттің кабинетіне» кіріңіз. «Жүгіртпе» бөлімінде ЖСН нөмірін енгізіп, «Сұрау» батырмасын басыңыз да, pdf форматындағы файлды жүктеп алыңыз
Стат. есепті қалай толтыру және қалай тапсыру керек
«Менің есептерім» қойындысына өтіңіз, тізімнен қажетті форманы таңдап, «Есепті жасау» батырмасын басыңыз. Толтыру үрдісі қиын емес, бірақ, егер бірдеңе түсініксіз болса, «Нұсқаулықтар» бөлімін қарай аласыз.
Егер есептік кезеңде қызмет болмаса
Бұл жағдайда жүргізуші қызметтің болмағаны туралы анықтама ұсынуға құқылы. Ол үшін «Менің анықтамаларым» бөлімінде жаңа анықтама қосып, оған ЭСҚ кілтімен қол қойып, жіберіңіз.
Есеп формаларының үлгілері мен оларды толтыру бойынша нұсқаулықтарды статистика органының сайтынан таба аласыз.