Артықшылықтар бағдарламасының барлық артықшылықтары
Соңғы жаңартпа
30 Apr 2023
Бағдарламаға қатысу нақты не беретіні туралы айтып береміз. Деңгей қаншалықты жоғары болса, сізде соншалықты көп артықшылық болады.
Тапсырыстарды тарату кезіндегі басымдық Тапсырыстарды тарату кезінде сізде қосымша басымдық ұпайлары болады. Қосымша басымдық ұпайларының саны бағдарламадағы деңгейге байланысты болады, ол қаншалықты жоғары болса, басымдық ұпайлары соншалықты көбірек беріледі. Басымдықпен сіз көбірек тапсырыс ала аласыз, ал тұрап қалу уақытыңыз қысқарады.
Б нүктесі ашық Сіз тапсырысты қабылдау экранында бағдардың межелі нүктесін көретін боласыз. Артықшылық Белсенділік көрсеткіші 90 ұпайдан асып тұрса ғана істейді.
Жүргізушілерге арналған орталықтарда кезектен тыс қызмет алу Сіз Жүргізушілерге арналған орталыққа келіп, өз мәселелеріңізді кезексіз шеше аласыз. Қолдау орталықтары бар қалалар үшін өзекті.
«Шаруалар бойынша» сапарлар көбірек Енді «Шаруалар бойынша» батырмасын екі есе жиірек пайдалануға болады — күніне екі рет, аптасна 14 рет.
Яндекс Про-дағы басым жазбаша қолдау қызметі Сіз жұмысқа қатысты мәселелерді қолдау қызметімен жылдам шеше аласыз. Жай ғана оларға сауал жіберіңіз, сіздің сауалыңыз басымдыққа ие болады — сізге барынша тезірек хабарласады.
Артықшылық түрі | Қола (300 ұпай) | Күміс (3000 ұпай) | Алтын (8000 ұпай + рейтинг 4,8) | Платина (10000 ұпай + рейтинг 4,9) |
---|---|---|---|---|
Тапсырыстарды тарату кезіндегі басымдық | жоқ | 1 ұпай | 3 ұпай | 5 ұпай |
Белсенділік 90-нан асқан кезде Б нүктесін көрсету | жоқ | жоқ | + | + |
Жүргізушілерге арналған орталықта кезектен тыс қызмет көрсету | жоқ | жоқ | + | + |
«Шаруалар бойынша» сапарлар көбірек (аптасына 14) | жоқ | жоқ | жоқ | + |
Яндекс Про-дағы басым қолдау қызметі | жоқ | жоқ | жоқ | + |