Әуежайдан жасалатын тапсырыстар туралы не білу керек
Соңғы жаңартпа
27 Feb 2025
Әуежайдан тапсырыстар орындап жүрсеңіз, нені ескеру керек
Әуежайдан және әуежайға жасалатын тапсырыстарда орташа чек қала ішіндегі тапсырыстардан жоғары болады, сәйкесінше, мұндай сапарларға көбірек уақыт жұмсалады. Бұл уақытты босқа өткізбеу үшін бір-екі ерекшелікті ескеру қажет:
Әуежайларда электрондық кезек істейді. Демек, электрондық кезек істейтін ауданға ерте келген жүргізушілер тапсырысты тезірек алады, ал кеш келгендер кезекте күтеді
Әуежайларда таксиге сұраныс біркелкі емес. Түнде әуежайларда таксиге сұраныс жоғары болады: қоғамдық көлік жүрген кезде жолаушылардың бір бөлігі соны таңдайды
Тапсырыстардың электрондық кезегі қалай істейді
Кезекке мына жағдайларда ғана тұра аласыз:
сіз әуежайға Яндекс Go немесе Uber тапсырысымен келдіңіз
Сізді әуежайға Жолбасшы алып келді
Бұрын кезекте жүргізушілердің кез келген саны бола алатын. Кезектің соңындағылар тапсырысты тым ұзақ күтпеу үшін бізге шектеу енгізуге тура келді — себебі ол тұрып қалудың жалпы уақытын ұлғайтып, табысты төмендететін. Кейде қалаға оралып, сонда тапсырыстар орындау әуежайда тұрып қалуға қарағанда тиімдірек. Жаңа ережелерді бұзбайтын жүргізушілер кезектен тапсырыстарды тезірек алатын болады — ол оларға желідегі сол уақыт ішінде тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі.
Әуежайға жақындаған кезде сіз картадан көк түсті аймақты көресіз: кезекке тұру үшін осы аймақтың ішінде болу керек.
Егер пердені жоғары тартсаңыз, сіз бүкіл қолжетімді тарифтердегі күту уақытын көресіз.
Егер тапсырыстар кезегі қолжетімсіз болса, карточка қызыл түспен жанып тұрады:
Мұндай жағдайда сіз әуежайдан тапсырыс ала алмайсыз.
Кезектегі орынды не үшін жоғалтып алуға болады?
Жүргізуші төмендегі жағдайларда кезектен шығарылады:
желіден шығып кетсе;
Яндекс Про-дағы белсенді тарифтерді ауыстырса;
ұзақ уақыт бойы GPS ақаулары болса;
әуежайдағы күту аймағынан кетіп қалса — картада ол көк түспен белгіленген;
тапсырыстарды өткізіп жіберсе және олардан бас тартса;
сервис ережелерін бұзатын болса.
Қалған басқа жағдайларда біз алдымен Яндекс Про-ға ескерту жібереміз және кезектегі орынды жоғалтып алуыңыз мүмкін екенін ескертеміз.