Тапсырыстар түспей жатыр — не істеу керек?
Соңғы жаңартпа
1 Dec 2023
Тапсырыстар түспеуі мүмкін болатын барлық жағдайлар туралы айтып береміз. Және олардың әрқайсысында не істеу керектігін түсіндіреміз.
Тексерістер өтпеген
Мысалы, егер сіз фотобақылаудан өтпеген болсаңыз, басты экранда тапсырыстар қолжетімсіз және кемшіліктерді түзету керек екендігі туралы хабарлама пайда болады.
Не істеу керек. «Диагностика» бөлімін ашу үшін оған басыңыз. Онда тапсырыстарды алуға кедергі келтіріп тұрған барлық себептер көрсетілген. Әрқайсысына басу арқылы оны қалай түзету керектігін біле аласыз.
Сервисті пайдалану мүмкіндігі шектелген
Егер сервисті пайдалану мүмкіндігі шектелген болса, жүйе сізге не болғаны туралы ақпарат көрсетілген хабарлама жібереді.
Не істеу керек. «Хабарламалар» бөлімін тексеріңіз — бұғаттаулар туралы хабарламалар сонда келеді.
Желіге шыққан жоқсыз
Сол жақ жоғарғы бұрышта сары түсті батырманың жанып тұрғанын тексеріп алыңыз. Егер ол болмаса, тапсырыстарды тарату жүйесі сізді бос емес және қазір сапарлар жасай алмайды деп санайды.
Не істеу керек. Картасы бар басты экранның астыңғы жағындағы үлкен сары түсті «Желіге» батырмасын басыңыз.
Яндекс Про-да теңгерім төмен
Кейде, тапсырыстарды алу мүмкіндігін таксопарк шектейді. Мұндай жағдай жүргізушінің теңгерімі белгіленген лимиттен төмен болған кезде жиі орын алады.
Не істеу керек. Өз паркіңіздің диспетчеріне хабарласып, парк қандай лимит белгілегенін және Яндекс Про теңгерімін толтыру керек пе, жоқ па екенін сұрап алыңыз.
Байланыс мәселелері
Егер мобильді интернет тұрақсыз жұмыс істеп тұрса, жаңа тапсырыстар түспеуі мүмкін. Егер смартфонда геолокация сөндірулі тұрса немесе, мысалы, ұшу режимі қосылып тұрса, немесе қолданбаға смартфонның функцияларын пайдалануға барлық рұқсаттар берілмеген болса, осындай жағдай туындауы мүмкін.
Не істеу керек. Өз құрылғыңыздың баптаулары арқылы деректер берілісі және геолокация қосулы тұрғанын тексеріп алыңыз. Оны сөндіріп, қайтадан қосыңыз. Егер желі бәрібір ұстамай тұрса, сигнал күші көбірек жерге барып көріңіз. Телефон теңгерімін қарап алыңыз — сізді операторыңыз бұғаттап тастаған болуы мүмкін. Қолданба сұраған барлық рұқсаттарды беріңіз.
Егер GPS мәселелері жиі туындай берсе, мәселе құрылғының өзінде болуы мүмкін. Оның Яндекс Про-мен жұмыс істеу үшін жарамды екенін тексеріп алыңыз.
«Тыныш» аудан
Кейде, жақын жерде сапарға тапсырыс беретін адамдардың болмау себебінен тапсырыстар түспей қалуы мүмкін.
Не істеу керек. Егер сервисті пайдалану мүмкіндігі бар болса және Яндекс Про қалыпты істеп тұрса, басты экрандағы картадан күлгін түсті аймақтарды іздеп көріңіз — ол жерде сұраныс жоғары, сонда барыңыз.