Жолсеріктері бар тапсырыстарды қалай орындау керек
Соңғы жаңартпа
26 Feb 2025
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында пайдаланушы «Жолсерік» тарифі бойынша тапсырыс жасай алады — сапар кезінде оған тағы бір адам қосыла алады.
Бұл қалай істейді
Жүргізуші алдымен бір пайдаланушыны, кейін екіншісін алып кетеді. Сапар ұзақ болуы мүмкін, бірақ мұндай тапсырыста сіз әрбір жолсеріктен бөлек төлем аласыз.
Машинада бір уақытта екі жолаушы ғана бола алады — әрбіреуі бір орын алады. Бұл опцияны таңдай отырып, пайдаланушы жолдағы уақыт ұлғаюы мүмкін екендігімен келіседі.
Жүргізуші үшін әрбір жолсерік бір тапсырыс ретінде есептеледі. Бұл Белсенділік ұпайларын берген кезде және дербес мақсаттарды орындау үшін тапсырыстарды есептеген кезде ескеріледі.
Жолсеріктері бар тапсырыстарды қалай орындау керек
Жолсеріктермен жасалатын сапарлар «Тиімді (Тапсырыстар үшін)» режимі қосулы болған кезде қолжетімді. Қолданба сіз тапсырысты қабылдаған кезде жолсерікті іздей бастайды. Тапқан кезде сізге ескертіп, бағдарды автоматты түрде қайта құрастырады:
Бірінші пайдаланушыға келген кезде пердешені жоғары тартып, «Келдім» слайдерін солдан оңға қарай жылжыту керек.
Бірінші пайдаланушы машинаға отырған кезде «Кеттік» батырмасын басып, Б нүктесіне қарай жүріңіз.
Екінші пайдаланушыға келген кезде «Келдім» батырмасын қайта басыңыз, ал ол машинаға отырған кезде «Кеттік» батырмасын басыңыз. Яндекс Про екі жолаушыны түсіретін нүктелер көрсетілген оңтайлы бағдарды құрастырады:
Пайдаланушылардың бірі бірінші болып түседі, сондықтан алдымен сіз бірінші сапарды ғана аяқтай аласыз. Экранда оның құны мен алынған Белсенділік ұпайлары көрсетіледі.
Әрбір жолсерік сапар үшін бөлек төлейді. Егер пайдаланушы қолма-қол ақшамен төленетін тапсырыс жасаған болса, төлемді алуды ұмытпаңыз.
Екінші пайдаланушыны түсіргеннен кейін тағы бір сапарды аяқтауға болады.