Егер Яндекс Про-дағы аккаунтыңызды біреу пайдаланғысы келсе, не істеу керек
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Ұсыныс қанша жерден тиімді болып көрінсе де, сатуға немесе жалға беруге келіспеңіз. Тіпті бұл туралы сіз сенім білдіретін адам сұраса да.
Оған Яндекс.Таксимен қызметтес бола бастауды және желіге өзінің Яндекс Про-дағы аккаунты арқылы шығуды ұсыныңыз.
Егер өзіңіздің жұмысқа арналған смартфон немесе планшетіңізді басқа біреуге беретін болсаңыз — Яндекс Про-дағы аккаунтыңыздан шығыңыз.
Ауысымды тапсырған кезде немесе планшеті бар автокөлікті жалға алу аяқталған кезде аккаунттан шығуды ұмытпаңыз.
Яндекс Про-да бір аккаунтты бірлесіп қолдану — сервис стандарттарын бұзу болып табылады.
Аккаунтты біреуге берген кезде қандай қауіп туындайды
Тапсырыстарды алу мүмкіндігі Ол пайдаланушылардан түскен шағымдар, төмен рейтинг пен Белсенділіктің төмен болуы себебінен шектелуі мүмкін.
Қаржы Жүргізуші таксопаркке төлемей, қарыз болып қалуы мүмкін. Ол желіге сіздің аккаунтыңыз арқылы шыққандықтан — қарызды сіздің қайтаруыңызға тура келеді. Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін біз Яндекс Про-да жаңа функцияны — селфи бойынша қосымша сәйкестендіруді сынақтан өткізіп жатырмыз.
Бедел Сіздің аккаунтыңызды пайдаланатын жүргізуші таксопаркке қарыз болып қана қоймай, жолда жүру ережелерін бұзуы, пайдаланушыларға дөрекілік танытуы мүмкін. Ол сіздің есептік деректеріңізді пайдаланғандықтан — таксопарктер Диспетчерлік бөлімдегі жүргізуші карточкасында сіз туралы теріс пікір қалдыруы мүмкін. Осының кесірінен басқа таксопарктерге орналасу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.
Жеке қауіпсіздік Егер сіздің аккаунтыңызды пайдаланған басқа жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшыраса, жүйеде бұл жол-көлік оқиғасына сіз ұшырадыңыз деп тіркеледі. Егер ереже бұзылған болса, мысалы, жүргізуші жол-көлік оқиғасы орын алған жерден кетіп қалса, күдік бірінші кезекте сізге түседі. Рөлде сіз емес, басқа адам болғанын түсіндіруге тура келеді.
Мұқият болуды өтінеміз. Өз аккаунтыңызды ешкімге пайдалануға бермеңіз. Егер сізге біреу осындай өтініш білдірсе, қолдау қызметіне жазыңыз — біз бәрін тексеріп, осындай жағдайда не істеу керектігі туралы айтып береміз.