Премиум санатты тарифтердегі стандарттардың сақталуын құпия сатып алушылардың тексеруі
Соңғы жаңартпа
20 Sep 2024
Біз Ultima тарифтеріндегі: Business және Premier тарифтерінің барлық сапарлары стандарттарға сай болуына ұмтыламыз. Стандарттар жолаушылардың алдында жүргізушінің кәсіпқойлығын көрсетеді. Стандарттардың сақталуын біз бірнеше тәсілмен тексереміз, олардың бірі — құпия сатып алушылардың тексерісі.
Құпия сатып алушылар әдеттегі жолаушылар сияқты сапар жасайды, сіз тапсырысты орындап жатқан кезде тексеріс жүріп жатқанын білмейсіз. Олардың тапсырыстары әдеттегі пайдаланушылардың тапсырыстары сияқты таратылады. Мұндай тәсіл тексерісті расымен де кездейсоқ етуге және жүргізушіге сапарлар кезінде нақты нені түзету керектігін анықтауға көмектеседі.
Барлық құпия сатып алушылар тексерісті бастар алдында сервис ережелерін және тарифтердің стандарттарын оқып шығады. Олар жүргізуші сапардың әр сәтінде не істеу керектігін, оның ішінде қарапайым емес жағдайлардағы әрекеттер туралы біледі. Құпия сатып алушылар тексерістерді объективті және адал түрде жүргізеді — тариф бойынша нақты сапар кезінде сапа стандарттарының орындалуының дәлдігін белгілеп алады.
Тексеріс қалай жүреді
Құпия сатып алушылар сіз қатысатын сапар туралы есепті мұқият толтырады. Олар сіздің тариф стандарттарын қаншалықты ұстанып жүргеніңізді хабарлайды және сапардан алған жалпы әсерін білдіреді.
Сапар туралы есепке құпия сатып алушылар автокөлік шанағы мен салонының фото мен видеосын қоса жібереді. Егер сапар кезінде ережелер бұзылған болса, олар фото түрінде тіркеліп, түсініктемелер арқылы толық сипатталады.
⚠️ Бұл материалдар тек сапаны бақылау және қолдау қызметінің қызметкерлеріне ғана қолжетімді.
Құпия сатып алушының сапар туралы есебін сапаны бақылау мамандары тексереді. Олар есептің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіп алады. Ол үшін олар құпия сатып алушы берген ақпаратты сервистің ішкі жүйелеріндегі деректермен салыстырады.
Тексерістен кейін не болады
Есептің дұрыс екендігі расталған кезде сіз Яндекс Про чатына құпия сатып алушы өткізген тексеріс туралы хабарлама аласыз. Хабарламада толық есепке сілтеме болады — бәрін егжей-тегжейлі қарап шығыңыз.
Егер тексеріс ереже бұзусыз өткен болса, сіз бізден алғыс және бір аптаға 2 қосымша басымдық ұпайын аласыз. Басымдық тапсырыстар алуға әсер етеді. Егер ережелер бұзылған болса, олардың күрделілігіне қарай сіз мыналарды алуыңыз мүмкін:
Ескерту;
Басымдық есептегі әрбір ереже бұзушылық үшін -2 ұпайға 2 аптаға төмендейді (бірақ, -8 ұпайдан аспайды);
Тексеріс болған сапар орындалған тарифке, сондай-ақ, одан жоғары тарифтерге қолжетімділікті жоғалту.
Тестілеу мен видеосұхбаттан қайтадан сәтті өткеннен кейін қолжетімділікті қайтарып алуға болады. Тарифке тест арқылы жарты жыл ішінде ең көбі үш рет оралуға болады. Егер сіз тарифке қолжетімділікті төртінші рет жоғалтсаңыз, келесі әрекет тек жарты жылдан кейін ғана беріледі. Рейтинг себебінен шектелген кезде де дәл осындай ережелер әрекет етеді. Барлық әрекеттер таусылған кезде біз ол туралы Яндекс Про чаты арқылы хабарлаймыз.
⚠️ Маңызды: егер сапар туралы есепте 5 немесе одан көп ереже бұзылған болса, сіз бұл бұзушылықтар үшін құр ескерту қарастырылған болса да, тарифтегі сапарларға қолжетімділікті жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Егер құпия сатып алушы стандарттардың бұзылғанын анықтаса, бірақ, соңғы 400 сапар кезінде сіздің рейтингіңіз 5.0 немесе құпия сатып алушылардың соңғы екі тексерісі ережелердің бұзылғанын анықтамаған болса, онда біз сізге тарифтегі сапарларға қолжетімділікті шектемейміз. Алайда, ол да тек жарты жылда бір рет болуы мүмкін. Есептегі ереже бұзушылықтарды талдағаннан кейін біз тексеріс нәтижелерін талқылап шығу үшін сізге хабарласа аламыз. Біз барлық кемшіліктерді егжей-тегжейлі қарастырып, оларды түзетуге көмектесеміз.
Тарифке қолжетімділікті қалай қалпына келтіруге болады
Яндекс Про парақшасына кіріңіз → тарифтерге өтіңіз → қажеттісін таңдаңыз → курсты қараңыз, тестілеуден өтіңіз және видеосұхбатқа жазылыңыз. Тағайындалған уақытта сізге біздің қызметкер хабарласады. Тестілеу мен видеосұхбаттан сәтті өткеннен кейін тарифке қолжетімділік қалпына келеді.
Егер ережелердің бұзылмағанына сенімді болсаңыз және шектеу әділетсіз орнаған болса, қолдау қызметіне жазыңыз. Біз құпия сатып алушының есебін тағы бір рет тексеріп, оны сапар кезінде алынған фото және видеолармен салыстырып шығамыз, олар ереженің бұзылған фактісін не растай, не жоққа шығара алады. Біз құпия сатып алушының құпиялылығын сақтау үшін бұл материалдарды жүргізушілерге бермейміз және жарияламаймыз.
Егер құпия сатып алушы ереже бұзылғанын қателесіп белгілегені расталса, біз шектеулерді алып тастаймыз және сізге 10 күн бойы әрекет ететін 2 басымдық ұпайына промокод жібереміз. Егер осы тексерістен кейін сізде тарифтегі сапарларға қолжетімділік бұғатталған болса, біз бір тәулікке сервис комиссиясын төмендететін промокод береміз. Оны іске қосқан кезде сервис комиссиясы 1 ₸ құрайды.
Егер ереже бұзылған жоқ және қолжетімділік әділетсіз шектелген деп есептесеңіз, қолдау қызметіне жазыңыз Біз бәрін анықтап білеміз: құпия сатып алушының есебін қайта тексереміз, оны фото/видео растаулармен тағы бір рет салыстырып көреміз. Фото мен видеоны біз жүргізушіге жібермейміз, бұл құпия сатып алушының құпиялылығын сақтау үшін қажет.