Слоттар қалай жұмыс істейді
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Слоттармен жеткізу уақыты мен жерін жоспарлап, көбірек тапсырыс алып, табысыңызды ұлғайта аласыз.
Слоттар дегеніміз не
Слоттар тапсырыстарды орындауға ыңғайлы уақыт пен ауданды таңдауға мүмкіндік береді. Слотта болған кезде барлық жіберушілер мен алушылар берілген аудан ішінде болады.
Бір күнде бір немесе бірнеше слотқа жазылуға болады.
Слоттардың артықшылығы
Тапсырыстар көп, яғни бұл табыстың жоғарырақ болуын білдіреді.
Тапсырыстарды бүкіл қала ішінде емес, берілген ауданда ғана жеткізетін боласыз.
Слоттарды алдын ала брондауға болады, осылайша таңдаған ауданда тапсырыстарды міндетті түрде алатыныңызға сенімді боласыз.
Слотқа қалай жазылуға болады
Слоттан қалай бас тартуға болады
Кестеге кіріп, қосылған слотты ашыңыз. Картаның астында бас тарту батырмасы болады.
Слотқа шығу туралы ойыңызды өзгертсеңіз, одан алдын ала бас тартыңыз — осылайша басқа курьерлердің жазылу мүмкіндігі болады.
Слоттағы тапсырыстарды қалай орындау керек
1. Талаптарын тексеріп, слот басталғанға дейін қажетті ауданға 5 минут бұрын келіңіз.
Талаптарға әлі де сәйкес келетініңізді алдын ала тексеріңіз. Мысалы, сервис термоқорап фотобақылауынан қайта өтуді сұрауы мүмкін. Бұны орындамай, слотты бастау мүмкін болмайды.
Слотты уақытында бастамасаңыз — үзіліс іске қосылады. Оның уақыты аяқталғанда, слот доғарылатын болады.
2. Слотты бастаңыз. Бұл үшін Яндекс Pro-ның негізгі экранында «Тапсырыстарды алу», ал содан кейін «Жоспарланған слотты бастау» батырмасын басыңыз.
3. Сіз слотты бастаған кезде, бастау батырмасы кідіріс батырмасына өзгереді. Үзілісті бастау үшін оны басыңыз
Тапсырысты орындамағанда слот ауданының шегінен шығып кетсеңіз — үзіліс іске қосылады. Оның уақыты аяқталғанда, слот доғарылып, түзетуді ала аласыз.
4. Слотты аяқтаңыз.
Слоттың уақыты біткенде, ол автоматты түрде аяқталады. Соңғы тапсырысты жай ғана аяқтаңыз. Оны слот уақыты аяқталғаннан кейін жеткізіп қойсаңыз — ештеңе етпейді, осындай тапсырыс бәрі-бір слотқа кіреді.