Қолдау қызметіне қалай жүгіну керек
Соңғы жаңартпа
22 Nov 2023
Қолдау қызметінің қызметкерлері келесідей қиын жағдайларда сізге көмектеседі:
Жол апаты сияқты форс-мажор салдарынан тапсырысты аяқтай алмай отырсыз.
Алушы байланысқа шықпай жатыр немесе есікті ашпай жатыр, сондай-ақ үш қоңыраудан кейін сізде «Қайтару» батырмасы пайда болды.
Сәлемдемелерді шатастырып алдыңыз.
Жіберушіге немесе алушыға смс-пен растау коды келмей жатыр.
Сізде жіберушімен немесе алушымен күрделі дау туындады.
Сәлемдеме ішінде тыйым салынған заттың болғанын біліп қойдыңыз.
Тапсырысты техникалық тұрғыдан аяқтау мүмкін болмай тұр.
Қолданбада қолдау қызметімен қалай байланысуға болады
Қолдау қызметіне екі тәсілмен жүгінуге болады:
Қазіргі тапсырыс бойынша сұрағыңыз болса. Тапсырыс картасында «Қолдау қызметі» батырмасын басыңыз — осылай сізге тезірек жауап береді.
Басқа сұрағыңыз болса. Профильде «Қолдау қызметі» бөлімін тексеріңіз — жауабы сол жерде болуы мүмкін. Проблема шешілмесе, қолдау қызметінің қызметкерлеріне жазыңыз. Бұны қалай жасау керектігін көру үшін галереяны қараңыз:
Қолдау қызметіне қалай дұрыс жазу керек
Бір сұрақ — қолдау қызметіне бір жүгіну. Хабарламаны қолдау қызметіне жіберген кезде, ол кезекке тұрады. Қатарынан бірнеше хабарлама жазсаңыз, әр жаңа хабарлама сізді кезектің соңына жіберіп отыратын болады.
Бұрыс: «жауап қайда?», «неге жауап бермейсіз?» деп жазу. Қайтадан кезектің соңында болып, одан да ұзақ күтуге тура келеді.
Дұрыс: сұрағыңызға жауапты күтіп, бұдан кейін келесі сұрақты қою. Осылайша көмекті тезірек аласыз.
Тіл тигізбеңіз — тіл тигізіп жазылған хабарламалар басқаларынан кейін қаралады.