Медициналық кітапша не үшін қажет
Соңғы жаңартпа
25 Feb 2025
Санитарлық нормаларға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап дайын тамақ жеткізу үшін медициналық кітапша қажет. Оны мұндай қызмет көрсететін кез келген емханада рәсімдеуге болады.
Кітапшамен қосымша басымдық ұпайларын алуға болады, ол үшін профильде «Медициналық кітапша» опциясын қосып қойыңыз. Басымдық ұпайлары құжат фотобақылаудан өткеннен кейін күшіне енеді.
Медициналық кітапша рәсімдеу үшін не қажет?
Емханаға барып, медициналық тексерістен өтіңіз. Жеке куәлік пен түрлі түсті 3×4 фотосурет ала бару керек.
Медициналық кітапшаны кім береді?
Медициналық кітапшаларды мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бере алады.
Медициналық кітапша рәсімдеу қанша тұрады?
Әр емхана қызмет құнын өз бетінше белгілейді. Әдетте ол 4000 ₸ шамасында болады.
Курьерлер үшін серіктес клиникалардағы жеңілдік шарттары туралы толығырақ өзіңіздің Паркіңізден біле аласыз.
Медициналық тексерістен қаншалықты жиі өту қажет?
Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіп, медициналық кітапшаның мерзімін ұзартып отыру қажет.