Курьерлік қызметтегі парктік жеке кәсіпкерлер деген кімдер және олардың қандай артықшылықтары бар
Соңғы жаңартпа 8 Aug 2025
Курьерлік қызметтің жеке кәсіпкері — бұл сервиспен серіктестер арқылы ынтымақтастық орнатудың жаңа, икемді тәсілі. Курьерлік қызметтің жеке кәсіпкері ретінде жұмыс істеу курьерге серіктестің қолдауын сақтап қалуға және қосымша артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік береді.
Курьерлік қызметтегі жеке кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан берілетін артықшылықтар
Егер курьер Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген ИП ретінде төленуі тиіс жарналар мен аударымдарды уақытылы және тұрақты төлеп отырса, келесі жеңілдіктер қолжетімді болады:
төмен табыс салығы. Тапсырыстардан небары 1%
әлеуметтік төлемдер. Жарналар уақытылы төленіп отырса, еңбекке қабілеттілікті жоғалтқанда төлемдер және әлеуметтік тәуекелдерді жабуға арналған басқа да маңызды кепілдіктер беріледі
медициналық сақтандыру. Курьерлік қызметтің ИП-леріне МӘМС бағдарламасы таралады, оның аясында мемлекеттік тегін медициналық көмектен кеңірек қызметтер қолжетімді
ресми табыс. Салықтар мен жарналар төленсе, курьердің тапсырыстардан тапқан табысы ресми болып есептеледі. Мұндай табысты несие, ипотека, жәрдемақы және басқа да құжаттарды рәсімдеу үшін растауға болады
онлайн-кассасыз жұмыс істеу мүмкіндігі. Барлық табысыңыз автоматты түрде «e-Salyq Business» қосымшасында есепке алынады.
4% келесідей бөлінеді: 1% — ЖТС (жеке табыс салығы), 1% — МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары), 1% — ӘА (әлеуметтік аударымдар), 1% — МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары).