Жаңадан бастағандарға арналған сөздік
Соңғы жаңартпа
11 Jan 2024
Кез келген жаңа істе үйреніп, қолдана бастауды қажет ететін бейтаныс сөздер мен ұғымдар болады. Оларды жазып алуға уақыт жоқ, ал үнемі қайталап сұрау ыңғайсыз болуы мүмкін.
Біз Яндекс Еда арқылы жеткізу кезінде қолданылатын ең маңызды терминдерді, сондай-ақ олардың ауызекі тілдегі синонимдерін жинауға тырыстық, олар курьерлердің «общалкасында» кездеседі.
Нәтижесінде Яндекс Еда қызметіндегі серіктес-курьерлерге арналған шағын сөздік жасадық. Сіз бізбен ұзақ уақыт бірге болсаңыз да, тоқтаңыз, мыналардың бәрін білетініңізді тексеріңіз.
Ачивки — жеткізудегі ерекше жетістіктері үшін курьерлер алатын виртуалды белгілер (тапсырыстар саны, серіктестік мерзімі және т. б.). Олар Яндекс Про профиліңізде сақталады және көңіл-күйіңізді көтереді. Кейде слоттарда тағып жүру үшін нақты белгілер түрінде шығарылады.
Бонус — тапсырыстар саны және сервис хабарлайтын басқа да шарттар бойынша жеке мақсатты орындағаны үшін берілетін ақшалай сыйлық.
Выплата (доход, вознаграждение) — курьердің банк картасына қаржының түсуі.
Геолокация (месторасположение) — қазір курьердің тұрған картадағы орны. Термин GPS-ке қатысты.
Дальний заказ («дальняк») — алыстағы тапсырыс, арақашықтық 2 км-ден көп. Сирек болады.
Заказ («зз») — мейрамханадан/дүкеннен белгілі бір клиентке тағамды, азық-түлікті және тауарларды ақылы түрде жеткізу қызметі. Яндекс Про қолданбасына қажетті ақпаратымен бірге түседі.
Карта — Яндекс Про қолданбасының негізгі экранындағы карта, ол жеткізу орындарын, сұраныс деңгейі әртүрлі аймақтарды, мейрамханаларды және курьерлер демалатын басқа орындарды және көлік жөндеу қызметтерін көрсетеді.
Клиент (пользователь) — Яндекс Go немесе Я.Еда қолданбасын пайдаланып, мейрамханалар мен дүкендерден дайын тағамдарды, азық-түлік пен тауарларды жеткізуге тапсырыс беретін адам.
Комментарий («коммент») — тапсырыс картасында көрсетілген тұтынушылар, мейрамханалар мен дүкендер беретін қосымша ақпарат. Ол ғимаратқа кіретін жерді жылдам тауып, тапсырысты алып, дұрыс беру үшін қажет.
Компенсация («компенс») — шегеру қате есептелген жағдайда немесе арнайы акциялар (мысалы, скутерді жалға алу өтемақысы) кезінде сервсистің курьерге қайтаратын қаражаты.
Корректировка — сервис стандарттары бұзылған жағдайда (тапсырысты өткізіп алу, бүлінген тапсырыс және т. б.) курьердің сыйақысы шегерілетін нақты сома.
Коэффициент спроса («кеф», «кэф») — мейрамханаға және клиентке дейінгі қашықтық үшін берілетін төлем көбейтілетін сан, курьер сыйақысының маңызды бөлігі. Тапсырыс курьерлерден көп болған кезде көтерілуі мүмкін («повышка»). Сіз коэффициентті жоғары сұраныс картасында тексере аласыз. Аймақ неғұрлым қызыл болса, соғұрлым жоғары (және төлем де көп) болады.
Курьер (курьер-партнёр, доставщик) — пайдаланушы жасаған тапсырысты көрсетілген мекенжай бойынша жеткізетін орындаушы.
Курьерский портал — Яндекс Про сайтының курьерлер үшін пайдалы және маңызды ақпараты бар бөлімі: білім базасы, қызмет көрсету стандарттары, өзекті жаңалықтар. Бөлімді қарап тұрыңыз, біз оны үнемі жаңартып отырамыз.
Курьерский центр («хаб») — курьер қызметке тіркелуді аяқтайтын, жеткізуге арналған жабдықты алатын, мамандарға жеткізуге қатысты сұрақтарды қоя алатын, велосипед жөндейтін, алғашқы медициналық көмек қобдишасын және т. б. пайдалана алатын орын.
Локация — зона доставок, которую курьер выбирает по своему усмотрению в Яндекс Про. Можно и ближе к дому, и там, где больше всего ресторанов.
Маршрут — тапсырысты алатын мейрамханаға немесе басқа жерге, содан кейін оны тапсыру үшін клиентке апаратын ең қысқа жол. Яндекс Карты қолданбасында ашылады.
Маска (СИЗ) — коронавирустық пандемия кезіндегі жеке қорғаныс құралы.
Минимальный размер вознаграждения («минималка») — тапсырыстар жеткіліксіз болған жағдайда жоспарланған слоттағы әр сағатқа берілетін төлем. Курьер сервис стандарттары мен басқа шарттарды сақтаған жағдайда төленеді.
Мультизаказ («мультик») — бірден бірнеше тапсырыс келіп, оларды бір жерден алып, кейін кезекпен клиенттерге апаратын тапсырыс. Барлығына төленеді.
Ожидание — есепті немесе көбінесе жаңа тапсырысты күту.
Оператор — слоттар мен тапсырыстар бойынша көмек немесе кеңес сұрауға болатын қолдау қызметінің қызметкері. Белсенді тапсырыс бойынша телефон арқылы, жеткізудің жалпы мәселелері бойынша Яндекс Про қолдау чаты арқылы хабарласа аласыз.
Отмена заказа («отменёнка») — жеткізу мекенжайларын шатастыруға, тапсыратын кезде байланысқа шықпауға, шешімін өзгертуге және т. б. байланысты клиенттің тапсырыстан бас тартуы. Егер мейрамхана тапсырысты қабылдап, ол жетуге жақындап қалса, одан клиент бас тартса, курьер оны өз қалауынша кәдеге жарата алады. 😋
Отчёт — слотта жасалған тапсырыстар бойынша үзінді көшірме: саны, сыйақы мөлшері, клиенттердің шайпұлдары, түрлі бонустар, шегерулер мен өтемақылар. Бұл күнделікті (әр жұмыс күні үшін) және апта сайын (сәрсенбіде) болады.
Отчёт по качеству («сердечки») — курьердің сервис стандарттарын қалай сақтайтыны туралы үзінді. Жүректері бар жеткізу деңгейі шкаласын қамтиды және апта сайын Яндекс Про чатына келеді. Тапсырыс алу осы есепке байланысты.
Пауэрбанк («повербанк», «банка») — розетка жоқ кезде смартфонды зарядтауға болатын портативті батарея.
Персональная (личная) цель («персцель») — жеке бонус алу үшін белгілі бір уақыт аралығында орындалуы міндетті тапсырыстар саны. Сервис кейде осындай тиімді ұсыныстар жібереді, өткізіп алмаңыз.
ПДД (правила дорожного движения) — жол қозғалысының барлық қатысушылары (жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді қоса алғанда) қауіпсіздік үшін сақтауы тиіс ережелер жинағы. Курьерлер жолда жүру ережелерін жақсы білуі және оларды сақтауы керек.
«Пригласите новичка» («рефералка») — реферал бағдарлама: кез келген курьер сервиспен бірігіп жұмыс істеуге жаңадан адам шақырып, ол жеткізумен айналысса, бонус ала алады.
Пропущенный заказ («скип») — курьер қабылдамаған жеткізу тапсырмасы. Олай істеудің қажеті жоқ. Бұл сервис стандарттарын бұзу болып саналады. Соның салдарынан төлем шегеріледі және басқа тапсырыстар алу шектеледі.
Пункт выдачи заказов Яндекс Маркета (ПВЗ) — курьер де жүгінетін (жөндеу чемоданын, алғашқы көмек қобдишасын, жабдықтар алатын) маркетплейс сатып алушыларына арналған орындар.
Ресторан («рест», «рестик») — клиент үйге жеткізілетін дайын тағамдарға тапсырыс бере алатын қоғамдық тамақтану орны (мейрамхана, кафе, асхана және т. б.).
Самозанятый (СМЗ) — бұл курьерге ауыртпалықты өз бетінше бөлуге және Яндекс Еда сервисімен тікелей, басқармасыз бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін салық режимі.
Само («самик») — Яндекс Go электрсамокаты. Оны курьерлер жеткізу үшін қолайлы бағамен жалға алады. Слоттарда кең пайдаланылады.
Слот — курьердің жеткізу кезіндегі уақыт кезеңі. Жоспарланған слот — жеткізу үшін 4-тен 12 сағатқа созылатын алдын ала жоспарланған уақыт кезеңі. Мұндай слоттар локацияны ескере отырып, Яндекс Про-дағы «Кесте» бөлімінде таңдалады.
Свободный слот — оны қолданбаның басты бетінде ашып, соңғы тапсырысты орындағаннан кейін кез келген уақытта аяқтауға болады. Ол 1 сағаттан аз болмауы керек және соның ішінде кем дегенде 1 тапсырыс орындалуы керек, әйтпесе жүйе оны жеткізу қызметі ретінде есепке алмайды. Осыған байланысты «стоп-выплата» (төлемді тоқтату) орын алуы мүмкін (төменнен қараңыз).
Служба поддержки (СП, «поддержка») — слоттағы қиын жағдайларды (телефон арқылы) түсінуге көмектесетін және одан кейінгі серіктестік мәселелері бойынша (Яндекс Про чатында) кеңес беретін мамандар.
Стандарты сервиса — Яндекс Еда арқылы жеткізудің негізгі ережелері жиынтығы. Курьерлердің жоғары деңгейдегі сервисі мен кәсібилігін қолдау үшін қажет. Стандарттарды бұзу — сервис ережелерін сақтамау. Бұл сапа есебін нашарлатады, тапсырыс алуға және кірістерге әсер етуі мүмкін. Мысалы, шықпау — жоспарланған слотты өткізу, яғни қызмет көрсету стандарттарын бұзуға жатады.
Стоп-выплата («на стопе») — курьер жеткізуге 3 күннен артық шықпаған жағдайда төлемдердің тоқтатылуы. «Белсенді» статусын қайтару және барлық төлемді алу үшін слотқа кіріп, кем дегенде 1 тапсырысты орындау керек.
Таймер — қолданбадағы уақыт есептегіші. Ол курьердің мейрамхана мен клиентке асықпай жетіп, тапсырысты орындауға қанша уақыты бар екенін көрсетеді. Жеткізу кезеңіне байланысты өзгереді және қозғалыс түрін ескереді.
Тип (способ) передвижения — курьердің жеткізуге пайдаланатын көлігі. Вело — велосипедпен, пеший — жаяу, электровело — электрвелосипедпен немесе электрсамокатпен, мото — мопедпен немесе мотоциклмен.
Точка старта — жоспарланған слот басталатын орын. Әдетте курьер бірінші тапсырысты тезірек алуы үшін мейрамханалар мен фудкорттар бар жерде орналасады.
Фотоконтроль (ФК) — Яндекс Про-дағы тексеру процедуралары: слоттағы курьердің жеке басын растау, оның жабдықтарының күйін тексеру, жарамды медициналық кітапшасының болуы.
Фуд-корт — көптеген мекеме бір жерде орналасқан сауда орталығындағы, кинотеатрдағы, вокзалдағы және т. б. қоғамдық тамақтану орны. Сол жерден мультитапсырыстар жиі болады.
Чаевые («чай») — сервистің деңгейі ұнаса, клиенттің курьерге қалдыратын сыйақысы. Олар қолма-қол немесе қолма-қол емес (қолданбада) болуы мүмкін, олардың мөлшері клиенттің қалауы бойынша болады. Курьер оны толық көлемде алады.
Чат «Общаемся» («общалка») — сервистің Telegram-дағы ресми чаты, мұнда курьерлер бір-бірімен сөйлеседі, өз тәжірибелерімен және жеткізулерден алған әсерлерімен бөліседі, сұрақ қойып, жауап алады. Онда модераторлар жұмыс істейді және өз ережелері бар.
Экипировка («экип») — сервистің курьерге ұсынатын жеткізу жабдығы. Әдетте ол термосөмке — тамақ пен сусындар тасымалдайтын арнайы төртбұрышты сөмке. Кейде ол бренділенген киім (поло, худи, сулық) болады.
Электровело («колхозник») — электр қозғалтқышы бар велосипед, жеткізуге пайдаланылатын танымал көлік түрі. Курьерлерге арналған жеңілдіктерімен жалға алуға болады.
Яндекс Еда («Яша») — пайдаланушыларға сервистегі ұсыныстармен танысуға, тауарларға тапсырыс беруге және оларды мейрамханалар мен дүкендерден жеткізуге немесе Пайдаланушы келісімінде қарастырылған шарттар бойынша тапсырыс беруге мүмкіндік беретін қызмет.
Яндекс Про («Прошка») — курьердің сервиспен өзара байланыс орнататын, слоттарды жоспарлайтын және тапсырыс алатын қолданба.
PD («пэдэшка») — есептегі жол, клиент үшін ақылы болған жеткізуге берілетін сыйақыны білдіреді.
R («эрочка», «маркетинг») — есептегі жол, клиент үшін тегін болған жеткізуге берілетін сыйақыны білдіреді.
Бөлім толықтырылады.