Негізгі ережелер
Соңғы жаңартпа
26 Apr 2024
Тапсырыстар мен сыйақыларды арттыруға көмектесетін ережелер.
Тапсырыстарды жеткізудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін сервис стандарттарын міндетті түрде білу және сақтау қажет. Біз аптасына бір рет барлық курьерге тапсырыстарды орындау сапасына қатысты есеп жібереміз: оған барлық стандартты сақтау бойынша деректер (мысалы, бұзушылық болған-болмағаны, оқиғалар саны) аз-аздап қосылады. Бұл жеткізулердің дұрыстығын білуге және тапсырыс алу мен кірістерді көру үшін нақты нені жақсарту керектігін түсінуге көмектеседі.
Барлық тапсырысты қабылдап, уақытында, бүтін және толықтай жеткізіңіз. Егер өте кешігетін болсаңыз, клиент сіздің кесіріңізден тапсырыстан бас тартуы мүмкін. Тапсырысты мүлдем жеткізусіз қалдыруға болмайды. Мейрамханада өз тапсырысыңызды алып жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Толығырақ.
Сыртқы келбетіңізге назар аударыңыз: термосөмке мен брендті киім таза болуы тиіс, сіздің өзіңіз де күтімді көрінуіңіз керек. Тек сервистен алынған жеке фирмалық термосөмкені пайдаланыңыз — олсыз сізге мейрамханада тапсырыс берілмеуі мүмкін, сонымен қатар жабдықтың фотоконтролінен өте алмайсыз. Басқа адамдарға брендті киімді киюге рұқсат етілмейді.
Жол ережелерін сақтаңыз, жолда мұқият жүріңіз. Жеткізілім алдында көлікті тексеріп алыңыз — ол жарамды, таза және бүтін болуы тиіс, тот басып қалмаған және қауіпсіздік үшін жарықты шағылыстыратын элементтері бар болуы керек.
Слотқа қосылыңыз. Жоспарланған слотты өткізіп алмаңыз, бастауға кешікпеңіз және одан уақытынан бұрын шықпаңыз. Толығырақ. Жоспарланған слотқа шыға алмасаңыз немесе ертерек аяқтау қажет болса, қолдау қызметіне алдын ала жазыңыз.
Ұқыпты болыңыз. Кез келген мүлікке, яғни клиенттің тапсырысына, сервистің берген жабдығына, жалға алынған көлікке, тіпті аулаға кіре берістегі шлагбаумдарға ұқыптылықпен қараңыз :) Толығырақ.
Қызмет көрсеткенде бәрімен сыпайы болыңыз: клиенттермен, мейрамхана қызметкерлерімен, қолдау қызметі мамандарымен және тіпті көшедегі адамдармен. Клиенттермен амандасып, асыңыз дәмді болсын деп тілеңіз, олардың тапсырыстарға қатысты пікірлерін оқыңыз. Кешіккен жағдайда кешірім сұраңыз (бұл сіздің кінәңіз болмаса да), және кетерде қоштасыңыз. Толығырақ. Егер сізге қатты сөйлесе, провокацияға ермеңіз және ешкіммен ұрыспаңыз — бұл сотқа ұласуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырысты тезірек беріп, қоштасып, кетуге тырысыңыз, содан кейін қолдау қызметіне жазыңыз — біз мәселені шешуге көмектесеміз.
Әдептілік сақтаңыз. Жеке кеңістікті сыйлаңыз және клиенттермен таныспаңыз: тапсырысты жеткізгеннен кейін әңгімелеспеңіз, қонаққа кірмеңіз, шайпұл сұрамаңыз және клиентті мазаламаңыз. Амандасқаныңыз, ас болсын деп айтқаныңыз және қоштасқаныңыз жеткілікті. Пайдаланушы нөмірін ешкімге бермеңіз немесе тапсырыстан кейін оны пайдаланбаңыз. Сонымен қатар аккаунтыңыздың құпиясөзі мен логинін ешкіммен бөлісуге немесе басқа адамдардың деректерін алуға болмайды.
Жеткізуге сау күйде шығыңыз. Алкоголь немесе есірткі пайдалануға тыйым салынады.
Бақылау органдарының нұсқауларын орындаңыз: вирустардың алдын алу бойынша ұсыныстарды және жол қозғалысы ережелерін сақтау керек, әйтпесе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Телеграм-каналдарымыздағы жаңалықтар арқылы бұл туралы дер кезінде хабарлауға күш саламыз. Ауру кезінде ешқашан слоттарға шықпаңыз — сіз тағаммен жұмыс істейсіз.
Адал болыңыз: мейрамханаларды, клиенттерді және қолдау көрсету орталығын алдамаңыз, сервис ережелерін теріс пайдаланбаңыз және барлық статусты уақытында аяқтаңыз. Слот кезінде орналасқан жеріңізді өзгерту үшін арнайы қолданбаларды пайдаланбаңыз, жүйе алдағаныңызды байқап қояды.
Слотта болған кезде, байланыста болыңыз. Мысалы, сіз кешіктірсеңіз, қолдау қызметі сізбен байланысуға тырысады: егер олар байланыса алмаса, сіздің кесіріңізден тапсырысты тоқтатады.