Тапсырыстар тізбегін қалай қосуға болады
Соңғы жаңартпа
1 Dec 2023
Сіз ағымдағы тапсырысты аяқтауға таяп қалдыңыз, ал Яндекс Про сізге бірден жаңа тапсырыс ұсынады — демек, сізде тізбек тапсырыстар істеп тұр.
Тізбек тапсырыстар — бір сапардан кейін келесісін орындау арқылы тұрақты табыс табу тәсілі. Сіз желіге шыққан кезде тізбек автоматты түрде қосылады.
Егер тапсырысты қабылдасаңыз — тізбек жұмыс істейді.
Жүйе сапарды қайда және қашан аяқтайтыныңызды өзі есептейді және ол аяқталуға таяған кезде сізге жаңа тапсырыс ұсынады.
Тізбекті қалай сөндіруге болады?
Егер Яндекс Про жолда мазаңызды ала бермесін десеңіз немесе тоқтаусыз тапсырыстар ұсына бермесін десеңіз, жай ғана «Бос емес» күйін орнатыңыз. Бұл үшін ағымдағы тапсырыс кезінде экранның сол жақ жоғарғы бұрышындағы сары түсті дөңгелек батырмаға басу керек.