Тапсырыстың төлем тәсілін қалай таңдауға болады
Соңғы жаңартпа
1 Dec 2023
Кейде желіде қолма-қол ақша шұғыл қажет болады, ал кейде төлемді керісінше — айырым ақша іздеуге уақыт кетірмес үшін, Яндекс Про теңгеріміне алған ыңғайлырақ болады.
Біздің тапсырыстарды тарататын жүйеміз жаңа тапсырысты автоматты түрде таңдап береді, бірақ, тәулігіне үш рет сіз Яндекс Про келесі қандай сапар ұсынатындығын таңдай аласыз. Мысалы, тек қолма-қол ақшамен төленетін немесе керісінше, картамен төленетін.
Төлем тәсілін қай жерден таңдау керек
Яндекс Про-дағы өз парақшаңызға кіріңіз — ол үшін басты экранда жоғарғы оң жақ бұрыштағы сомасы бар батырмаға басу керек. Аздап төмен айналдырыңыз, сонда теңгерімнің астында ағымдағы төлем тәсілін көресіз.
Егер келесі тапсырысты басқаша төлегенін қаласаңыз, ағымдағы төлем тәсіліне басыңыз.
Төлем тәсілін әр кезде ауыстыра беруге болмайды — мұндай жағдайда экранда ескерту пайда болады.
Яндекс Про мына жағдайларда төлем тәсілін ауыстырмайды:
сіз арттырғыш коэффициент аймағындасыз,
сіз оны тәулігіне үш рет ауыстырып қойғансыз,
сіздің теңгеріміңізде ақша аз және олар сервис комиссиясын төлеу үшін жеткіліксіз.
Төлем тәсілі сапар құнына, Яндекс.Такси комиссиясының мөлшеріне немесе тапсырыстардың таратылуына әсер етпейді. Ал егер жолаушы сапар кезінде төлем тәсілін ауыстырса, жүйе келесі тапсырысты қайтадан сіздің шарттарыңыз бойынша іздейді.