Жолбасшы қалай жұмыс істейді
Соңғы жаңартпа
27 Feb 2025
Жолбасшы — бұл Яндекс Про-дағы виртуалды көмекші. Ол сізді тапсырыстар мүлде жоқ «тыныш» аудандардан шығарып алу үшін ойлап табылды. Жолбасшы тапсырыстарды тарату кезінде уақытша басымдық береді, сонда жүйе сізге жаңа сапар таңдап бере алады.
Жолбасшыны әдейі қосудың қажеті жоқ — ол барлық жүргізушілерде автоматты түрде пайда болады және тапсырыстарды өзі ұсынады.
Бұл былай жұмыс істейді:
1. Егер сіз тапсырыстар мүлде жоқ ауданда болсаңыз, Жолбасшы сізге тапсырысты өзі таңдайды
Ол кептелістер, тапсырыстар және дәл қазір Яндекс Про арқылы жұмыс істеп жатқан барлық жүргізушілердің қозғалысы туралы ақпаратты талдап шығады. Кейін сізге тапсырыс алу мүмкіндігі ең жоғары ауданды ұсынады. Сіз жолға жұмсайтын уақыт та таңдау кезінде ескеріледі.
2. Сіз көрсетілген ауданға бара жатырсыз
Жолбасшының ұсынысы шектеулі уақыт ішінде әрекет етеді, сондықтан оны бірден қабылдап, қозғала бастаңыз.
3. Сіз келген кезде сізде басымдық пайда болады
Қажетті ауданға жеткен кезде машинада басымдық пайда болады. Сол кезде жүйе сізге тапсырыс таңдай бастайды. Бұл бірер уақыт алуы мүмкін.
Тапсырысты аяқтаған кезде, егер әрі қарай жұмыс істейтін болсаңыз, сізде келесі сапарға да басымдық болады. Үзіліс алсаңыз — басымдық аяқталуы мүмкін.
Әуежайға жолбасшы электрондық тапсырыстар кезегінен орын алуға көмектеседі, бірақ мұндай сапарлар үшін басымдық ұпайлары берілмейді