Жүргізушілер қызметтестік түрін қалай таңдай және растай алады
Соңғы жаңартпа
11 Sep 2024
Такси тапсырыстарын орындау үшін жүргізуші сервиспен қызметтестікті заңмен рұқсат етілген күйлердің бірі бойынша жүзеге асыруы қажет. Сәйкес келетін қызметтестік түрін қалай таңдауға және оны сервисте қалай растауға болатынын айтып берейік.
Заң бойынша такси тапсырыстарын мынадай жүргізушілерге орындауға рұқсат етіледі:
● сервиспен тікелей қызметтесетін жеке кәсіпкер жүргізушілерге,
● таксопаркпен келісімшарт жасаған паркпен серіктес жеке кәсіпкер жүргізушілерге,
● таксопаркпен еңбек келісімшартын ресімдеген жүргізушілерге.
Егер қызметтестік түрін растамасаңыз, басымдық 5 ұпайға төмендеуі мүмкін. Тапсырыстарға қолжетімділікті сақтау үшін қызметтестік түрлерінің бірін таңдап, оны растау маңызды. Төмендегі кестеде заңмен рұқсат етілген барлық нұсқалар көрсетілген.
* Такси қызметіне ЭҚЖЖ қажет. Егер ағымдағы ЭҚЖЖ басқа болса, қосымша қызмет түрін мынадай тәртіппен таңдаңыз: «Н — Көлік және қоймалау» → «49 — Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі» → «493 — Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі» → «49320 — Такси қызметі». Нұсқаулықты мына жерден көруге болады.
** Егер таксиге патент бар болса, салық салу жүйесін арнаулы мобильді қосымшаны қолданатын арнаулы салық режиміне өзгерту қажет.
Салықтар қызметтестік түріне байланысты әртүрлі болады. Төмендегі схемада олардың саны мен көлемі көрсетілген.
Тікелей серіктес және парктің жеке кәсіпкер жүргізушілерінің артықшылықтары
Жеке кәсіпкер жүргізушілер мемлекет тарапынан да, сервис тарапынан да арнайы артықшылықтарды пайдаланады. Ал паркпен серіктес жеке кәсіпкер жүргізушілер басқа артықшылықтармен қоса таксопарк қолдауына ие болады.
Егер жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкер төлеуі тиіс жарналар мен аударымдарды тұрақты және уақытылы түрде төлеп отырса, оған мынадай артықшылықтар беріледі:
● Төмен табыс салығы. Тапсырыстардан түскен табыстан бар-жоғы 1%. Тікелей серіктестер таксопаркке комиссия төлемейтіндіктен, мұндай қызметтестік жеке кәсіпкерліксіз тапсырыс орындауға қарағанда тиімдірек.
● Тапсырыстардан түскен табыстан 3% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер. Жарналар уақытылы төленіп тұрса, еңбек қабілеттілігін жоғалтқан кездегі төлемдер және әлеуметтік тәуекелдерді қамтитын басқа да қажетті кепілдіктер.
● Медициналық сақтандыру. Жеке кәсіпкер жүргізушілерге МӘМС бағдарламасы таралады, ол арқылы мемлекеттік тегін медициналық көмек бағдарламасына қарағанда барынша кеңірек медициналық қызметтер спектрі қолжетімді.
Сервисте жеке кәсіпкер жүргізуші келесі артықшылықтарға ие болады:
● Тапсырыстарды тарату кезінде +5 басымдық ұпайы. Олар жеке кәсіпкерлігі бар тікелей серіктес ретінде тіркелген сәттен бастап беріледі және мерзімі шектелместен әрекет етеді*. Басымдық неғұрлым жоғары болса, тапсырыстар соғұрлым көп және табыс жоғары болады.
● Сервис комиссиясы болмайтын тапсырыстарға 12 сағаттық промокод. Жүргізушіге сервистің тікелей серіктесінің аккаунтымен орындаған алғашқы тапсырысынан кейін келеді.
● Артықшылықтар бағдарламасында +10 ұпай. Сервистің тікелей серіктесінің аккаунтында жасалған әрбір сапар үшін тікелей серіктестіктің алғашқы 3 айында беріледі.
Толығырақ «Жеке кәсіпкер жүргізушілер деген кімдер және олардың қандай артықшылықтары бар» мақаласынан оқыңыз
Сервиспен тікелей серіктес жеке кәсіпкер жүргізуші болу үшін не істеу керек
Жеке кәсіпкер болу және осы күйде сервиспен қызметтесу туралы толығырақ арнайы мақаладан оқыңыз:
Парктің жеке кәсіпкер жүргізушісі болу үшін не істеу керек
Жеке кәсіпкер болу және осы күйде сервиспен қызметтесу туралы толығырақ егжей-тегжейлі нұсқаулықтан оқыңыз:
Жүргізуші парктің жалдамалы қызметкері екенін қалай растай алады
Жүргізушімен еңбек келісімшартын жасаған кезде, таксопарк жүргізушінің салық агентіне айналады және оның табыстарынан 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС, 10% МЗЖ, 2% МӘМСЖ ұстауға және төлеуге, сондай-ақ жүргізушінің табысынан өз бетінше 9,5% әлеуметтік жарна, 3,5% әлеуметтік аударымдар, 1,5% ЖМЗЖ, 3% МӘМС төлеуге міндетті.
Жүргізушінің «таксопарк қызметкері» деген қызмет түрін растау үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сұрау жіберу қажет.
Сұрауды жүргізуші жіберуі тиіс. Ол үшін мына талаптарды орындау қажет:
1) Мобильді азаматтар базасында (МАБ) профилі болу керек.
Егер сізде МАБ-та профиліңіз болмаса, оны мына нұсқаулық бойынша ресімдеңіз.
2) Деректерді өңдеуге келісім беріп, қажетті мәліметтерді беру қажет. Ол үшін Яндекс Про қолданбасында арнайы бөлімге кіріңіз: Профиль → Қолдау қызметі → Чатқа жазу → ҚР Еңбек министрлігіне сұрау жіберу.
Форма толтыру туралы ұсыныс шығады: онда жүргізушінің ЖСН нөмірін және таксопарктің БСН/ЖСН нөмірін, сондай-ақ жүргізушінің жеке электрондық поштасын көрсету қажет — оған ҚР Еңбек министрлігінің жауабы бойынша қорытынды хат келеді.
3) 1414 нөмірінен мынадай мәтіні бар СМС-ті өткізіп алмау қажет: «511 саны ИӘ, ал 512 саны ЖОҚ дегенді білдіреді. ТОО „Бухта.кз“ компаниясынан қызмет көрсету үшін жеке деректерге рұқсат алу туралы сұрау жіберілді. Келісім немесе бас тарту жоғарыдағы тіркесім арқылы жүзеге асырылады».
СМС-ке «511» деген хабарламамен жауап беру қажет — осылайша сіз ҚР Еңбек министрлігіне сұрау жіберу үшін жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.
1414 нөмірінен хабар Яндекс Про-да сұрау жөнелтілгеннен кейін бірнеше күн ішінде келуі мүмкін. Сервис оң жауап алып, оны өңдеген соң, қызмет түрі расталған болып есептеледі. Ол туралы хабарландыру формада көрсетілген электрондық поштаға келеді. Еңбек министрлігінде бұл процесс бірнеше күнді алуы мүмкін.
Содан кейін сізге ай сайын осындай растау СМС-і келетін болады: егер келісімшарт күшінде болса және еңбек қатынасы жалғасатын болса, мұндай СМС-ке «511» деп жауап беру қажет болады. Егер бұл СМС-ті өткізіп алсаңыз, сұрауды қайта жіберуге тура келеді.