Тапсырыстан алынатын комиссия неге тәуелді
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Пайдаланушылардың тапсырыстарынан комиссияны сервис қана емес, таксопарк те алуы мүмкін — бәрі шарттарға байланысты.
Яндекс Таксидің комиссиясы — бекітілген. Сапар құны қанша болса да, пайыз деңгейі өзгермейді және сіз тапсырыс орындап жатқан тарифке ғана тәуелді.
Таксопарк комиссиясының мөлшерін диспетчерден сұрап алған дұрыс, себебі Яндекс Такси сервисі серіктестердің комиссия мөлшерін белгілемейді және реттемейді.
Екі комиссия да сіз аяқтаған тапсырыстан шегеріледі.
Сапар туралы есептен толық ақпаратты: комиссияның қанша болғанын қарауға болады. Сіз оны теңге түрінде және пайыз түрінде көресіз.
Яндекс Про-дағы өз парақшаңызға кіріңіз, Белсенділік және рейтинг көрсеткіштерінің үстінде көрсетіліп тұрған сомаға басыңыз — сонда толық есеп ашылады.