Жоғарылаған сұраныс деген не
Соңғы жаңартпа
1 Dec 2023
Егер қаланың қандай да бір ауданында такси шақырғысы келетіндердің саны бос жүргізушілердің санынан көп болса, сапар құны өседі.
Сұраныстың шұғыл артуына ауа райының нашар болуы, қауырт сағаттар немесе бұқаралық іс-шаралар әсер етеді — біздің тапсырыстарды тарататын жүйеміз мұндай орындарды автоматты түрде анықтап, бағаларын есептейді.
Сұраныстың қай жерде жоғары екенін қалай түсінуге болады?
Яндекс Про-дағы картада жоғарылаған сұраныс аймақтары күлгін түспен белгіленген.
Баға қалай артады?
Сапардың құны үстеме ақы есебінен артады.
Бұл кезде тапсырыс құнына бекітілген сома қосылады.
Мысалы, егер жаңа тапсырыс экранында +150 деп тұрса, бұл сапар құны 150 ₸-ге артқанын көрсетеді.
Пайдаланушылар тарифтің жоғарылағанын өз қолданбасынан көреді, ал Яндекс Про сапардың қорытынды құнын есептеу кезінде оны автоматты түрде ескереді.