Тапсырыстар қалай таратылады
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Яндекс.Такси жүйесі жүргізушілердің арасында тапсырыстарды автоматты түрде таратады.
Тапсырыстарды таратуға таксопарктердің диспетчерлері де, сервис қызметкерлері де ешқалай әсер ете алмайды. Жүргізушінің көрсеткіштері де ескерілмейді.
Жүйе тарифке сай және жөнелту орнына бәрінен жақын тұрған, яғни жолға 15 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтын автокөлікті іздейді.
Егер жолаушы қандай да бір қосымша талаптар көрсеткен болса, таратушы робот оларды да ескереді. Мысалы, баламен сапар жасау үшін кресло немесе шаңғы тасымалдау мүмкіндігі.
Жүргізушілердің де тілектері ескеріледі. Күніне бір рет келесі тапсырыс қандай төлем түрімен түсетіндігін таңдауға болады: қолма-қол ақшамен немесе картамен. Ал күніне екі рет Яндекс Про сіз таңдайтын нүктелер бойынша бағыттас тапсырыстар таңдап бере алады. Мысалы, ауысым соңында сізді үйге алып келеді.
Сондай-ақ, автокөліктерде тапсырыстарды тарату кезінде басымдық болуы мүмкін. Тариф бойынша сай және жолаушыға дейін шамамен бірдей қашықтықта тұрған екі машинаның басымдығы жоғарысы тапсырысты алады.