250 және 270 формасы бойынша декларацияларды қалай беруге болады
Соңғы жаңартпа
31 Oct 2024
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 617 және № 927 бұйрықтарына сәйкес барлық жеке кәсіпкер жүргізушілер 2 декларация өткізуге міндетті:
250 формасы бойынша жеке кәсіпкерлікті ашқаннан кейін бір рет беріледі
270 формасы бойынша келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін жыл сайын беріледі
Осылайша 2024 жылы барлық жүргізушілер 250 формасы бойынша декларация беруі қажет. Ал егер жеке кәсіпкерлік 2024 жылға дейін ашылған болса, 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270 формасы бойынша декларацияны да өткізу керек.
Декларацияны өткізбеген жағдайда не болады
Бірінші жолы салық органы ескерту береді. Қайталанған жағдайда айыппұл салынады:
15 МЕК (2024 жылы 55 380 теңге) — декларацияны бермегені үшін;
3 МЕК (11 076 теңге) — толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін.