Жүргізуші жеке кәсіпкерлікті қалай аша алады
Соңғы жаңартпа
24 Dec 2024
Қазір жеке кәсіпкерлікті тіркеу өте оңай. Оны онлайн және тегін жасауға болады. Құжаттардың минималды жинағы мен бірнеше күн күту қажет болады. Біз жеке кәсіпкерлікті жылдам тіркеудің мүмкін тәсілдері туралы толық ақпаратты жинап қойдық — ыңғайлысын таңдасаңыз болды.
Жеке кәсіпкерлікті e-Salyq Business қосымшасы немесе elicense.kz порталы арқылы ашуға болады.
e-Salyq Business арқылы
ЭҚҚЖ бойынша қызмет түрінің коды: 49320 (такси)
Таксиге жарамды салық режимі: «Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режимі»
Хабарландыруға қол қою нұсқалары:
ескі үлгідегі ЭСҚ көмегімен
eGov mobile арқылы
Тіркеу қалай өтеді:
«Профиль» бөлімінде «Төлқұжат» қойындысына өтіп, кейін «Жеке кәсіпкерді тіркеу» деген көк түсті батырмаға басыңыз.
Салық органын таңдаңыз — «Салық органы» батырмасына басып, тізімнен өзіңізге қажетті аумақтық мемлекеттік кірістер органын (МКБ) таңдаңыз.
1 қадам. Өз деректеріңізді көрсетіңіз — ЖСН, ТАӘ, туған күніңіз, мекенжайыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (бұл ақпарат автоматты түрде толтырылады). Барлық өрістерді толтырған кезде «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
2 қадам. Жеке кәсіпкердің орналасқан мекенжайын көрсетіңіз: тізімнен облыс пен қаланы таңдаңыз, мекенжайды, пошта индексін, үй мен пәтердің нөмірін көрсетіңіз. Телефон нөмірін енгізіңіз. Барлық өрістерді енгізген кезде «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
3 қадам. Жеке кәсіпкердің атауын жазыңыз. Ыңғайлы болу үшін жеке кәсіпкердің атауы ретінде өзіңіздің ТАӘ көрсетуге болады.
Осы жерде негізгі қызмет түрін таңдаңыз — мына тәртіппен:
«Н — Көлік және қоймалау» → «49 — Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі» → «493 — Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі» → «4932 — Такси қызметі».
Осы бөлімде салық салу тәртібі көрсетілетін өрісті де толтырыңыз — «Арнайы мобильді қолданба пайдаланылатын арнайы салық режимін» таңдаңыз.
Дайын болып қалды. Міндетті өрістердің бәрі дұрыс толтырылғанын тексеріп, тіркелуді аяқтаңыз. Ол үшін «eGov mobile көмегімен қол қою» немесе «ЭСҚ-мен қол қою» батырмасын басыңыз.
elicense.kz арқылы
ЭҚҚЖ бойынша қызмет түрінің коды: 49320 (такси)
Таксиге жарамды салық режимдері: «Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режимі»
Хабарландыруға қол қою нұсқалары:
жаңа үлгідегі ЭСҚ көмегімен
QR-код арқылы
Тіркеу қалай өтеді:
Бір реттік код арқылы elicense.kz порталында тіркеліңіз → Келісім шарттарын қабылдаңыз → «Әрі қарай» батырмасын басыңыз
ЖСН, электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Құпиясөз ойлап тауып, оны растаңыз → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз
Көрсетілген телефон нөміріне СМС-код келеді, оны енгізіп, пернетақтадағы Enter пернесін басыңыз
QR-код немесе бір реттік код арқылы elicense.kz порталына кіріңіз → Ашылған бетте «Қызмет көрсету» санатын таңдаңыз
«Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарландыру» тармағын таңдаңыз → «1. Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарландыру» тармағын таңдаңыз
«Тұлғаның негізгі мәліметтері» бөліміндегі өрістерді толтырыңыз
«Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер» және «Мекенжай» бөлімдеріндегі өрістерді толтырыңыз → «Мем. кірістер органынан растама сұрату» бөлімінде «Жіберу» батырмасын басып, расталғанын күтіңіз
Одан әрі жеке кәсіпкерлік атауын жазып, «Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режимі» салық салу тәртібін (режимін) таңдаңыз → ЭҚЖЖ «49320 — Такси қызметі» кодын таңдаңыз → «Әрі қарай»
QR-код арқылы қол қойыңыз
Көп қойылатын сұрақтар
Паркпен серіктес жеке кәсіпкер қандай салық режимдерін таңдай алады?
Жеке кәсіпкер жүргізушілерге арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режимімен істейтін жеке кәсіпкерлік қажет.
Басқа салық режимінен арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР-не қалай өтуге болады?
Арнайы мобильді қолданба пайдаланылатын арнайы салық режиміне мына режимдерден өтуге болады:
жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі;
патент негізіндегі арнайы салық режимі;
шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режимі.
Толығырақ бөлек мақаладан оқып біле аласыз.
ИП қосылуға өтініш
Егер сіз ИП тіркеген болсаңыз, сервиске қосылуға өтініш бере аласыз.