Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті бастағаныңыз туралы хабарламаны қалай жіберу керек
Соңғы жаңартпа
17 Dec 2023
Хабарламаны электрондық лицензиялау жөніндегі ресми портал арқылы жіберуге болады. Төменде — оны қалай жасау керектігі туралы толық нұсқаулық.
Өз ЭСҚ-ңыз арқылы сайтқа кіріңіз. «Көлік» санатын таңдаңыз.
«Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама» тармағын таңдаңыз.
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Өзіңіздің жеке кәсіпкерлігіңіз тіркелген қаланы таңдаңыз.
Өз жеке кәсіпкерлігіңіз тіркелген мекенжайды көрсетіңіз.
Жеке кәсіпкердің мекенжай өрісін толтырғаннан кейін «Қызметті жүзеге асыруды аяқтау күні» өрісінде күнді көрсетіңіз. Толтырған сәттен бастап бір жыл — күнтізбе арқылы таңдау кезінде максималды қолжетімді күн. Бір жылдан кейін (немесе, егер такси тасымалдаушысының қызметі үшін одан аз мерзімді таңдаған болсаңыз) бұл процедурадан қайтадан өту керек болады.
«Қызметті жүзеге асыру мекенжайы» формасын толтырыңыз — тасымалды қай ауданда немесе қалада орындайсыз. Ол үшін «Қосу» атты жасыл түсті таңбаға басыңыз. Диалог терезесі ашылады.
Диалог терезесінде жеке кәсіпкер қызмет атқаратын мекенжайды енгізіңіз, мысалы, жеке кәсіпкердің тіркелген мекенжайын көрсетуге болады «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Барлық деректерді толтырған кезде «Әрі қарай» және «ЭСҚ көмегімен қол қою» батырмасын басыңыз.