Тікелей және паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілер жарналарды қалай және қашан төлей алады
Соңғы жаңартпа 13 Jan 2026
Осыған дейін сервис жеке кәсіпкерлерден ЖТС және әлеуметтік төлемдер есебіне қаражатты төмендетілген ставка бойынша ұстап, аударып отырған еді (1 % — ЖТС, 3 % — әлеуметтік төлемдер).
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сервис өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілер үшін салық агентіне айналады. Ол әлеуметтік төлемдерді ұстап, мемлекетке аударып отырады. Бұл ретте жеке табыс салығы (ЖТС) 0 % құрайды, ал міндетті жарналар былайша жіктеледі:
1% міндетті зейнетақы жарналары
1% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары
1% міндетті медициналық сақтандыру жарналары
1% әлеуметтік аударымдар
Міндетті аударымдар есебіне ұсталымдар арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын тікелей және паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілердің тапсырыстардан түскен табысы мен бонустарынан жасалады.
Әлеуметтік төлемдерді төлеу Яндекс Про арқылы қалай жүргізіледі?
Әлеуметтік төлемдерді төлеу есебіне сома кез келген төлем тәсілі бар — қолма-қол ақшамен де, картамен де төленген тапсырыстардан ұсталынады. Шегерім Яндекс Про-дағы Теңгерім бөлімінде көрсетіледі.
Сервис міндетті аударымдар есебіне ұсталған соманы есептік айдан кейінгі айдың 25-не дейін мемлекетке аударып отырады. Міндетті аударымдардың төленгені туралы хабарлама Яндекс Про мобильді қосымшасындағы Чаттарға түсіп отырады.
Тікелей және паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілер әлеуметтік төлемдердің төленгені туралы деректерді қайдан қарап отыра алады?
Яндекс Про мобильді қосымшасы → «Ақша» бөлімі → «Салықтың автотөлемі» қойындысы. Мұнда автотөлемнің егжей-тегжейлі деректері көрсетіліп тұрады.
Нені қадағалауға болады:
өткен, қазіргі және алдағы кезеңдер үшін салық ұсталымдары
артық ұсталған немесе қосымша төленуі тиіс сомаларды қайтару
төлемдердегі қателер және оларды уақтылы түзету бойынша нұсқаулықтар
Деректер тұрақты түрде жаңартылып тұрады, сондықтан сіз әрдайым хабардар боласыз.




